Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясының қазақстандық бөлiгінiң құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 желтоқсан N 1324

Қолданыстағы

      2001 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласында жасалған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қыркүйектегi N 989 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 8-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы бекітілсiн.

      2. Қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің өкiлi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiн жыл сайын жасалған жұмыстар туралы хабардар етсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 19 желтоқсандағы   
N 1324 қаулысына қосымша    

Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегі
бiрлескен қазақстан-қытай комиссиясының қазақстандық
бөлігінiң құрамы

Рябцев                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Анатолий Дмитриевич        министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi
                           комитетiнiң төрағасы, өкiлi

Айдаров                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Наурыз Ғұбайдоллаұлы       министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер
                           Достастығы iстерi жөнiндегi комитетiнiң
                           төрағасының орынбасары, өкілдiң
                           орынбасары

Ахметов                  - Қазақстан Республикасы Ауыл
Серiк Қабдуәлiұлы          шаруашылығы министрлiгінiң Су
                           ресурстары жөнiндегi комитетiнiң Су
                           ресурстарын пайдалану мен қорғауды
                           реттеу басқармасының бастығы, өкілдiң
                           орынбасары