Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18 N 609 қаулысымен.
Халықаралық шарттарды iске асыру, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18 N 609 қаулысымен.2. "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 38-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N 1304 қаулысымен бекiтiлген |
Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен
үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгi туралы ереже
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18 N 609 қаулысымен.
Ескерту. Кіріспе алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.01.2015 № 16 қаулысымен.
1. Негiзгi мiндеттерi
1. Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кeңecтердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгi (бұдан әрi – комиссиялардың қазақстандық бөлiгi) халықаралық шарттарды іске асыру, халықаралық екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Комиссиялардың қазақстандық бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қағидаларының 30-тармағында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысымен бекітілген Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі халықаралық іс-шараларды, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру қағидаларының 26-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен уағдаластықтарға сәйкес құрылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.01.2015 № 16 қаулысымен.2. Комиссияның қазақстандық бөлiгi өз құзыретiнiң шегiнде заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) халықаралық екi жақты ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi басым бағыттарды және бiрлескен iс-шараларды айқындайды;
2) жоғары және үкiметаралық деңгейлерде өткен кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткiзiлген халықаралық шарттар мен уағдаластықтардың орындалуына жәрдемдеседi;
3) халықаралық екi жақты ынтымақтастықты дамытуға байланысты халықаралық шарттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
4) халықаралық екi жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдеседi;
5) Үкiметтің шешiмдерiн талап ететiн халықаралық екi жақты ынтымақтастық мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
2. Комиссияның қазақстандық бөлiгiн қалыптастыру және оның жұмыс тәртiбi
3. Комиссиялардың қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен алдын ала келісу бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, комиссияның қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының бірінші басшысы комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы болып табылады.
Комиссияның қазақстандық бөлігінің қызметі үшін жауапты мемлекеттік органның басшысы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келісу бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарын немесе өзінің орынбасарын комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы ретінде белгілеу туралы ұсыныс енгізеді.
Мемлекеттік орган комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасын тағайындау туралы шешімнің көшірмесін шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.08.2018 № 517 қаулысымен.4. Yкiметаралық комиссияның (комитеттің, кеңестің) (бұдан әрі – үкіметаралық комиссия) отырысын өткiзу туралы шешiмді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiмен келiсу бойынша комиссияның қазақстандық бөлiгiнің тең төрағасы қабылдайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.08.2018 № 517 қаулысымен.5. Қажет болған жағдайда, үкіметаралық комиссиялардың қызметі шеңберінде олардың міндеттері мен қызмет мерзімдерін белгілей отырып, ынтымақтастықтың нақты бағыттары жөніндегі кіші комиссиялар (кіші комитеттер, жұмыс топтары) құрылуы мүмкін.
Кіші комиссияларды (кіші комитеттерді, жұмыс топтарын) жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, сондай-ақ кіші комиссиялардың (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) тең төрағаларын белгілеу осы Ереженің 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.18 N 609 қаулысымен.6. Кіші комиссиялар (кіші комитеттер, жұмыс топтары) үкіметаралық комиссияның шешiмдерiне сәйкес жұмыс жүргiзедi, оны өзiнiң қызметi туралы хабардар етедi және өзiнiң мәжiлiсiнде қарау үшiн қажеттi материалдар әзiрлейдi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18 N 609 қаулысымен.7. Үкіметаралық комиссиялардың жұмысына халықаралық екi жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастыққа мүдделi ұсыныстары мен жобалары бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының өкiлдерi тартылуы мүмкiн.
8. Үкіметаралық комиссиялардың мәжілістерi шеңберiнде конференциялар, бизнес-семинарлар, көрмелер мен тұсаукесер ұйымдастырылуы мүмкін.
9. Тараптардың ең болмағанда бiрiнiң Үкiметiмен келiсудi талап ететiн мәселелер бойынша үкiметаралық комиссияның шешiмi белгiленген тәртiппен тиiстi келiсілгеннен кейiн күшiне енедi, ол туралы тең төрағалар бiрiн-бiрi хабардар етедi.
10. Үкіметаралық комиссиялардың отырыстары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының және өзге де ұйымдарының бірінші басшылары жауапты болады және тоқсан сайын есеп берілетін тоқсанның соңғы айының 10-күніне комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасына олардың орындалу барысы туралы ақпаратты жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.08.2018 № 517 қаулысымен.11. Үкiметаралық комиссиялардың қызметiн жалпы үйлестiрудi және бақылауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
12. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
1) бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерi қатысқан кезде көмек көрсетедi;
2) Комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағалары ұсынған ақпарат негізінде үкіметаралық комиссиялардың қызметі туралы жиынтық есеп пен талдау жасайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай оларды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынады;
3) халықаралық екiжақты қарым-қатынастарды дамыту деңгейiн есепке ала отырып, комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң жұмысын жандандыру жөнiндегi ұсынысты және үкiметаралық комиссиялардың басым отырыстарының кезектi жылға арналған тiзiмiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң Кеңсесіне енгiзедi.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.08.2018 № 517 қаулысымен.13. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағасы Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен және өзге де ұйымдарымен бiрлесiп:
1) комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң жұмысын үйлестiредi;
2) бiрлескен жобаларды iске асыруға жәрдемдеседi;
3) үкiметаралық комиссияның кезектi отырысы алдында халықаралық екiжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау, күн тәртiбi мен хаттамасының жобаларын келiсу мақсатында комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң кеңесiн өткiзедi;
4) үкіметаралық комиссия отырысының хаттама жобасын дайындау кезінде оған тек өзара мүдделі саналатын мәселелерді және комиссияның қазақстандық және шетелдік бөліктерінің бірлескен шешімін талап ететін проблемалық мәселелерді ғана қосады;
5) үкіметаралық комиссияның отырысын өткізгеннен кейін бір айдан кешіктірмей үкіметаралық комиссия отырысының қорытындылары туралы есепті ақпаратты және қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша тапсырмалар жобасын, сондай-ақ орындалған уағдаластықтарды бақылаудан алу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгiзеді;
6) үкіметаралық комиссиялардың отырыстары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша шаралар қабылдайды және жыл сайын 20 шілдеге қарай оларды іске асыру барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жолдайды;
7) ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін үкiметаралық комиссиялардың қызметi туралы жылдық есептік ақпаратты және олардың қызметiн жандандыру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне бередi;
8) комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiмен келiсу бойынша комиссияның қазақстандық бөлiгi тең төрағасының орынбасары мен жауапты хатшысын тағайындауға, оның дербес құрамын жасақтауға, оған өзгерiстер енгiзуге, сондай-ақ комиссия жұмысына қатысу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарының өкiлдерiн тартуға құқылы.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.08.2018 № 517 қаулысымен.14. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң құрамына, әдетте, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң және Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдiк мекемелерiнiң өкiлдерi кiредi.
3. Мәжiлiстер өткiзу тәртiбi
15. Yкiметаралық комиссияның кезектi мәжiлiсiн өткiзу мерзiмдерi үкiметаралық комиссияның шет елдiк бөлiгiнiң тең төрағасымен келiсiм бойынша белгiленедi.
16. Тараптар алдын ала, бiрақ үкiметаралық комиссияның мәжiлiсiне дейiн бiр айдан кешiктiрмей, оны өткiзу күнiн, күн тәртiбiн келiседi және қажеттi ақпараттармен алмасады.
17. Үкiметаралық комиссияның мәжiлiсiнде қабылданатын шешiмдер хаттамамен ресiмделедi және комиссияның қазақстандық және шет елдiк бөлiктерiнiң тең төрағаларының қолдарымен бекiтiледi.
18. Мәжiлiстердiң хаттамаларын ресiмдеу комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң жауапты хатшысына жүктеледi.
19. Үкiметаралық комиссияның отырысы хаттамасының көшiрмесi – Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, ал хаттаманың түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне берiледi.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.08.2018 № 517 қаулысымен.20. Yкiметаралық комиссиялар мәжiлiстерiнiң хаттамалары түпнұсқаларының сақталуын Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қамтамасыз етедi.
4. Қызметтi қаржыландыру
21. Үкiметаралық комиссияның кезектi мәжiлiсiн өткiзудi қаржыландыру шарттары мен тәртiбi тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес белгіленген тәртiппен анықталады.