Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N 609 қаулысымен.
Халықаралық шарттарды iске асыру, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N
609
қаулысымен.
2. "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 38-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1304 қаулысымен
бекiтiлген
Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен
үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгi туралы ереже
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N 609 қаулысымен.
Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кeңecтердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгi (бұдан әрi - комиссиялардың қазақстандық бөлiгi) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарына сәйкес құрылады.
1. Комиссияның қазақстандық бөлiгi халықаралық шарттарды iске асыру, халықаралық екi жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
2. Комиссияның қазақстандық бөлiгi өз құзыретiнiң шегiнде заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) халықаралық екi жақты ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi басым бағыттарды және бiрлескен iс-шараларды айқындайды;
2) жоғары және үкiметаралық деңгейлерде өткен кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткiзiлген халықаралық шарттар мен уағдаластықтардың орындалуына жәрдемдеседi;
3) халықаралық екi жақты ынтымақтастықты дамытуға байланысты халықаралық шарттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
4) халықаралық екi жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдеседi;
5) Үкiметтің шешiмдерiн талап ететiн халықаралық екi жақты ынтымақтастық мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
3. Комиссиялардың қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын бекіту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды.
Осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, комиссияның қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының бірінші басшысы комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы болып табылады.
Комиссияның қазақстандық бөлігінің қызметі үшін жауапты мемлекеттік органның басшысы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келісім бойынша өзінің орынбасарын комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы ретінде белгілейді.
Мемлекеттік орган комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасын тағайындау туралы шешімнің көшірмесін шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N
609
қаулысымен.
4. Yкiметаралық комиссияның (комитеттің, кеңестің) (бұдан әрі - үкіметаралық комиссия) отырысын өткiзу туралы шешiмдi комиссияның қазақстандық бөлiгi тең төрағасының ұсынысы бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N
609
қаулысымен.
5. Қажет болған жағдайда, үкіметаралық комиссиялардың қызметі шеңберінде олардың міндеттері мен қызмет мерзімдерін белгілей отырып, ынтымақтастықтың нақты бағыттары жөніндегі кіші комиссиялар (кіші комитеттер, жұмыс топтары) құрылуы мүмкін.
Кіші комиссияларды (кіші комитеттерді, жұмыс топтарын) жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, сондай-ақ кіші комиссиялардың (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) тең төрағаларын белгілеу осы Ереженің 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N
609
қаулысымен.
6. Кіші комиссиялар (кіші комитеттер, жұмыс топтары) үкіметаралық комиссияның шешiмдерiне сәйкес жұмыс жүргiзедi, оны өзiнiң қызметi туралы хабардар етедi және өзiнiң мәжiлiсiнде қарау үшiн қажеттi материалдар әзiрлейдi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N
609
қаулысымен.
7. Үкіметаралық комиссиялардың жұмысына халықаралық екi жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастыққа мүдделi ұсыныстары мен жобалары бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының өкiлдерi тартылуы мүмкiн.
8. Үкіметаралық комиссиялардың мәжілістерi шеңберiнде конференциялар, бизнес-семинарлар, көрмелер мен тұсаукесер ұйымдастырылуы мүмкін.
9. Тараптардың ең болмағанда бiрiнiң Үкiметiмен келiсудi талап ететiн мәселелер бойынша үкiметаралық комиссияның шешiмi белгiленген тәртiппен тиiстi келiсілгеннен кейiн күшiне енедi, ол туралы тең төрағалар бiрiн-бiрi хабардар етедi.
10. Үкiметаралық комиссиялардың мәжiлiстерi барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарының және өзге де ұйымдарының бiрiншi басшылары жауапты болады.
11. Үкiметаралық комиссиялардың қызметiн жалпы үйлестiрудi және бақылауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
12. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
1) бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының шет елдік мекемелерi қатысқан кезде көмек көрсетедi;
2) комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын белгiленген тәртіппен енгiзедi;
3) үкiметаралық комиссиялардың өткен жылғы қызметi туралы ақпаратты кезектi жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкiметiне бередi;
4) халықаралық екi жақты қарым-қатынастарды дамыту деңгейiн есепке ала отырып, комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң жұмысын жандандыру жөнiндегi ұсынысты және үкiметаралық комиссиялардың кезектi жылға басымдық берілетiн мәжiлістерiнiң тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N
609
қаулысымен.
13. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағасы Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен және өзге де ұйымдарымен бiрлесiп:
1) комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң жұмысын үйлестiредi;
2) бiрлескен жобаларды iске асыруға жәрдемдеседi;
3) үкiметаралық комиссияның кезектi мәжiлiсi алдында халықаралық екi жақты ынтымақтастықтың басымдық берiлетiн бағыттарын белгiлеу, оның күн тәртiбi мен хаттамасының жобаларын келiсу мақсатында комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң кеңесiн өткiзедi;
4) үкiметаралық комиссияның отырысын өткiзу туралы тиiстi шешiм жобасын, сондай-ақ оны өткiзгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей комиссия мәжілiстерiнiң қорытындылары туралы есеп беру ақпаратын және қажет болған жағдайда нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушыларын көрсете отырып, қол жеткізілген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарын бекiту туралы Үкiмет шешiмiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
5) ағымдағы жылғы желтоқсанда үкiметаралық комиссиялардың қызметi туралы жылдық есеп беру ақпаратын және олардың қызметiн жандандыру жөнiндегi ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне бередi;
6) комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, комиссияның қазақстандық бөлiгi тең төрағасының орынбасары мен жауапты хатшысын тағайындауға, оның дербес құрамын жасақтауға, оған өзгерiстер енгiзуге, сондай-ақ комиссия жұмысына қатысу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарының өкiлдерiн тартуға құқылы.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N
609
қаулысымен.
14. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң құрамына, әдетте, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң және Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдiк мекемелерiнiң өкiлдерi кiредi.
15. Yкiметаралық комиссияның кезектi мәжiлiсiн өткiзу мерзiмдерi үкiметаралық комиссияның шет елдiк бөлiгiнiң тең төрағасымен келiсiм бойынша белгiленедi.
16. Тараптар алдын ала, бiрақ үкiметаралық комиссияның мәжiлiсiне дейiн бiр айдан кешiктiрмей, оны өткiзу күнiн, күн тәртiбiн келiседi және қажеттi ақпараттармен алмасады.
17. Үкiметаралық комиссияның мәжiлiсiнде қабылданатын шешiмдер хаттамамен ресiмделедi және комиссияның қазақстандық және шет елдiк бөлiктерiнiң тең төрағаларының қолдарымен бекiтiледi.
18. Мәжiлiстердiң хаттамаларын ресiмдеу комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң жауапты хатшысына жүктеледi.
19. Үкiметаралық комиссияның мәжiлiсi хаттамасының көшiрмесi Қазақстан Республикасының Үкiметiне, ал хаттаманың түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне берiледi.