Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi" туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығына сәйкес келмеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 21-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметi";
реттiк нөмiрi 33-жол алынып тасталсын;
2) <*>
3) <*>
Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 356
қаулысымен
, 2)-тармақшаның күші жойылды - 2005.02.09.
N 124
қаулыларымен.