Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қарашадағы N 1258 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi" туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872  Жарлығына сәйкес келмеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 21-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметi";
      реттiк нөмiрi 33-жол алынып тасталсын;
      2) <*>
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 356   қаулысымен , 2)-тармақшаның күші жойылды - 2005.02.09.  N 124 қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі