Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 9 қараша N 1187. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 520 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының резиденттерi-жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 229-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақта:

      Қазақстан Республикасының резиденттерi-жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Зейнолла Халидоллаұлы министрi, төраға

      Иванов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Леонид Александрович вице-министрi, төрағаның орынбасары

      Болатбекова - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Гүлбағила Қоңырбайқызы министрлiгi Еларалық қаржы

      қатынастары басқармасының бастығы,

      хатшы

      Байбағысова - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Айсұлу Сәпиқызы Банкiнiң Халықаралық қатынастар

      басқармасы бастығының орынбасары

      (келiсiм бойынша)

      Әкежанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет

      Қуат Балқашұлы министрлiгi Мемлекеттiң мүлiктiк

      құқықтары, шарттар және талап

      қою-қуыну жұмыстары басқармасының

      бастығы

      Әбжанов - "ТұранӘлем Банкi" ашық акционерлiк

      Дәулет Көбенұлы қоғамы Директорлар кеңесiнiң мүшесi

      (келiсiм бойынша);

      мына жол:

      "Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы

      Мәулен Амангелдiұлы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қарыз алу

      департаментi директорының мiндетiн

      атқарушы, хатшы"

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтеғұлов - Қазақстан Республикасының

      Мәулен Амангелдiұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау

      министрлiгi Мемлекеттiк қарыз алуды

      және кредит берудi жоспарлау

      департаментiнiң директоры";

      көрсетiлген құрамнан Павлов Александр Сергеевич, Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы, Дауранов Шамиль Абдулұлы, Қосжанова Жанаркүл Тоғызбайқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі