Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының резиденттерi-жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 229-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының резиденттерi-жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Зейнолла Халидоллаұлы министрi, төраға
Иванов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Леонид Александрович вице-министрi, төрағаның орынбасары
Болатбекова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Гүлбағила Қоңырбайқызы министрлiгi Еларалық қаржы
қатынастары басқармасының бастығы,
хатшы
Байбағысова - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Айсұлу Сәпиқызы Банкiнiң Халықаралық қатынастар
басқармасы бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Әкежанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Қуат Балқашұлы министрлiгi Мемлекеттiң мүлiктiк
құқықтары, шарттар және талап
қою-қуыну жұмыстары басқармасының
бастығы
Әбжанов - "ТұранӘлем Банкi" ашық акционерлiк
Дәулет Көбенұлы қоғамы Директорлар кеңесiнiң мүшесi
(келiсiм бойынша);
мына жол:
"Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мәулен Амангелдiұлы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қарыз алу
департаментi директорының мiндетiн
атқарушы, хатшы"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтеғұлов - Қазақстан Республикасының
Мәулен Амангелдiұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Мемлекеттiк қарыз алуды
және кредит берудi жоспарлау
департаментiнiң директоры";
көрсетiлген құрамнан Павлов Александр Сергеевич, Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы, Дауранов Шамиль Абдулұлы, Қосжанова Жанаркүл Тоғызбайқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі