"Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 тамыз N 918

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.16. N  557  қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.16. N  557  қаулысымен.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 19 тамыздағы     
N 918 қаулысымен       
бекiтiлген       

   Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекiту
ЕРЕЖЕСI

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.16. N  557  қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында объектiлер мен кешендер құрылысына арналған Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекiтудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"  Заңына , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.
      Ереже объектiлер мен олардың кешендерiнiң құрылысына (қайта құруға, қайта жаңғыртуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделi жөндеуге) коммуникациялар төсеуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға (бұдан әрi - жоба) арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
      Ережелерде пайдаланылатын ұғымдар осы ережелерге қосымшада келтiрiлген.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.16. N  557  қаулысымен.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.

      3. Жобалардың сараптамасын тиiстi лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      Бұл ретте жобалардың мемлекеттiк сараптамасын Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген қандай да бiр өзге қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ заңды тұлға жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптау жұмыстары рыногының субъектiлерi - аккредиттелген мемлекеттiк емес сараптау орталықтары және (немесе) аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк емес сараптау орталықтарын аккредиттеудi және сарапшыларды аттестаттауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi (бұдан әрi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орган) жүргiзедi.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.   

      4. Жобаларға мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға (бұдан әрi - Мемсараптама) белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тiзбесiне енедi.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      5. Жобалар бекiтiлгенге дейiн жобаларға сараптама жүргiзiледi. Мiндеттi түрде сараптамаға жататын, бiрақ белгiленген тәртiппен одан өтпеген жобалар аяқталмаған деп саналады және iске асырылмауға тиiс.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      6. Жобалардың жеке және заңды тұлғалар орындайтын сараптамасы қаралатын жобаның құнына шығындары жатқызылған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк тапсырысты орындау есебiнен жүргiзiлетiн не мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жататын өзге жобалар бойынша сараптау жұмыстарына арналған бағалар мен тарифтердi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша Мемсараптама белгiлейдi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  

  2. Сараптама жүргiзудiң жалпы тәртібі

      7. Жобалардың сараптамасы объектілердi пайдалануға енгiзгеннен кейiн олардың тұрақты жұмыс iстеуiн жобалық шешiмдермен қамтамасыз етуге бағытталған және мыналарды:
      1) жобаның жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы материалдарға (деректерге), техникалық шарттары мен талаптарға, сондай-ақ бекiтiлген қала құрылысы (жоспарлау) шешiмдерiне және осы құрылыс учаскелерiнiң (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсаттарға сәйкестiгiне;
      2) мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтер мен белгiленген жарылыс және өрт қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгi талаптарын мiндетті түрде сақтау, инженерлiк, ресурсты үнемдейтiн, экологиялық және санитарлық талаптарға;
      3) қабылданған көлем-жоспарлық және сындарлы шешiмдердiң, қолданылатын материалдар мен инженерлiк жабдықтардың негiздiлiгiне, құрылыс құрастырмаларының сенiмдiлiгi мен төзiмдiлiгiне;
      4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларында көзделген құрылыс көлемдерiнiң негiздiлiгiне және мақсаттылығына;
      5) көрсеткiштердiң, оның iшiнде құрылыстың есептiк немесе сметалық құнының негiздiлiгi мен растығына сарапшылық бағалауды қамтиды.

      8. Сараптама жүргiзген кезде, сонымен қатар жобаны әзiрлеушiде жобалау (жобалау-iздестiру) жұмыстарының тиiстi түрлерiне лицензиясының, сондай-ақ жобаның заңнамада белгiленген өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қызметтер мен өзге де қадағалау қызметтерiнiң мемлекеттiк органдарымен қажетті келiсiмдерiнiң болуы немесе болмауымен белгiленедi.

      9. Жобаны сараптамаға тапсырысшы (инвестор) немесе оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы мемлекеттiк нормативтерде көзделген көлемде бередi.

      10. Ұсынылған жоба материалдарының жинақтылығы, олардың құрамының мемлекеттік нормативтерде белгiленген талаптарға сәйкестiгi жобаның сараптамаға түскен күнiнен бастап бес күн iшiнде тексерiледi.
      Жобаның толық еместiгi не оның құрамы бойынша талаптарға сәйкес еместiгi белгiленген жағдайда тапсырысшы (инвестор) немесе оның уәкiлеттi бас жобалаушысы жетiспейтiн материалдарды берудiң қажеттiлiгi туралы хабардар етiледi.

      11. Жобаларға сараптама жүргiзудiң ұзақтығы шартпен белгiленедi, бiрақ 45 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
      Техникалық аса күрделi объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған жобаларға немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн кешендi қала құрылысы құжаттамаларына сараптама жүргiзген кезде, оның ұзақтығы 60 күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
      Шағын бизнес саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн салынатын күрделi емес объектiлердiң құрылысына арналған жобаларға сараптама жүргiзудiң ұзақтығы 15 күннен аспауға тиiс.

      12. Бекiтiлген негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерге әсер ететiндей өзгерiстердiң (толықтырулардың) жобалары жаңадан әзiрленетiн жобалар үшiн белгiленген тәртiппен қайта сараптауға жатады.

      13. Әзiрленген әрi сараптама жүргiзiлген жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары бойынша үш және одан да кеп жыл iшiнде құрылыс басталмаса, ол ескiрген болып саналады әрi заңнама белгiленген тәртiппен жаңа сараптама жүргiзiлгеннен және қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

      14. Сараптауға жататын, бiрақ белгiленген тәртiппен одан өтпеген құрылысқа арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары аяқталмаған болып саналады және одан әрi iске асыруға жатпайды.

      15. Осы Ережелерге сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындысынсыз жобаларды бекiтуге, оларды iске асыра бастауға рұқсат беруге (құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне рұқсаттар) жол берiлмейдi.

  3. Жобалардың сараптамасы

       Ескерту. Тарау тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  

      16. Мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзырына:
      1) мемлекеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiнде мемлекеттiк меншiк үлесiн көздейтiн;
      2) құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау, құрастырмалардың сенiмдiлiгi, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы бойынша әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кiруiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлiгiнде объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған инвестициялық негiздемелердiң, техникалық-экономикалық негiздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларының сараптамасы жатады.
      Үйлер мен ғимараттарды техникалық жағынан күрделi не күрделi емес құрылыс объектiлерiнiң санатына жатқызу осы Ережеге қосымшаның 5-тармағында көзделген жалпы тәртiппен айқындалады.
      Құрылыс тапсырысшының өз қаражаты (тартылған қаражаты, шетелдiк инвесторлардың қаражатын қоса алғанда) есебiнен жүзеге асырылатын объектiлер бойынша, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердi қоспағанда, алдын ала жобалау құжаттамасына мемлекеттiк сараптама жүргiзу туралы шешiмдi тапсырысшы (инвестор) қабылдайды.
      Мемлекеттік сараптамаға, сондай-ақ құрылыстың iрi және күрделi объектiлерi немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектілер бойынша мердiгерлiк жұмыстарға (қызмет көрсетулерге) мемлекеттік сатып алу жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттамалар да жатады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  

      17. Кезең-кезеңiмен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша жобалардың мемлекеттiк сараптамасы тиiстi кезең бойынша (сараптамалық бiрге жүру) жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Сараптамалық бiрге жүрудi жүзеге асырудың тәртiбi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн мемлекеттік нормативтермен белгiленедi.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  

      18. Жобаларға сараптама жүргiзетiн (мемлекеттiк сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғаларға мынадай құқықтар берiледi:
      1) жүргiзiлген сараптама нәтижелерi бойынша жобаларды бекiтуге ұсыну, қабылдамай тастау немесе пысықтауға жiберу;
      2) тапсырысшы шарттардың (талаптардың) қорытындыларында келiсiлгендердi орындамаған жағдайда бұрын берiлген оң қорытындысын керi қайтарып алу;
      3) сапалы сараптама жүргiзу үшiн қажеттi, мемлекеттiк органдардың және заңды тұлғалардың, сондай-ақ жекелеген мамандардың - жобаны әзiрлеушiлердiң атынан қаралып отырған жобаның тапсырысшыларынан заңнамада белгiленген тәртiппен материалдар мен ақпараттарды сұрату және алу;
      4) жобаны әзiрлеушiлерден тиiстi лицензияларының болуы туралы мәлiметтердi сұрату және алу;
      5) белгiленген тәртiппен сараптама комиссияларын құру не сараптамаға қатысу үшін мамандарды тарту.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      19. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жетекшiлерi өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жобаларға кешендi мемлекеттік сараптама жүргiзуге сарапшылар ретiнде тартылған мамандарының қатысуын қамтамасыз етедi.

      20. Жобаны қарау нәтижелерi және тартылған сарапшылар дайындаған жобаның бөлiмдерi бойынша қорытындылардың тұжырымдарын ескере отырып, мемлекеттiк сараптама:
      1) жобаны бекiтуге оның негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен ұсыну;
      2) жобаны қайтадан пысықтауға қайтару туралы;
      3) мемлекеттiк сараптаманың осындай қорытындысының себептерiн көрсете отырып, жобаны қабылдамау туралы тұжырымдардан тұратын жиынтық сараптама қорытындысын жасайды.

      21. Алдын ала жобалау құжаттамасы бойынша оң қорытынды:
      1) оны белгiленген тәртiппен бекiту және құрылыс объектiсiн инвестициялау бойынша инвестордың шешiм қабылдауы;
      2) жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеу үшiн болады.

      22. Жобалау (жобалау-смета) құжаттама бойынша оң қорытынды:
      1) оны белгiленген тәртiппен бекiту;
      2) құрылысты қаржыландыруды ашу;
      3) жобаны iске асыруды бастауға рұқсат беру (өндiрiстiк құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне рұқсат беру) үшiн негiз болады.

      23. Мердiгерлiк жұмыстарға (қызметтерге) мемлекеттiк сатып алу жүргiзудiң конкурстық (тендерлiк) құжаттамалары бойынша оң қорытынды:
      1) конкурстық (тендерлiк) құжаттаманы бекiту;
      2) мердiгерлiк қызметтердi жеткiзушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiн бағалау үшiн негiз болады.

      24. Жобаларға сараптама жүргiзетiн жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттiк сараптаманы қоса алғанда) инвестициялардың тиiмдiлiгiн талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметтерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiне тәуелдi емес. Өкiлеттi, атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның сараптаманың кәсiптiк қызметiне араласуға құқығы жоқ.
       Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

       3-1. Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiтудiң жалпы тәртiбi

       Ескерту. 3-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.16. N  557  қаулысымен.

       24-1. Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес толық немесе iшiнара мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын объектiлер мен кешендердiң құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сметалық құны:
      1) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiн - мемлекеттiк органдар - бағдарламалар әкiмшiлерi бекiтуге не олар белгiлейтiн тәртiппен бекiтiлуге тиiс;
      2) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғарылары - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтуге тиiс.
      24-2. Жобалау алдындағы құжаттаманы бекiту бағдарлама әкiмшiсi (тапсырысшы) ұсынған:
      1) жобалау алдындағы құжаттама материалдары;
      2) мемлекеттiк сараптаманың қорытындылары негiзiнде жүзеге асырылады.
      24-3. Жобаларды бекiту бағдарлама әкiмшiсi (тапсырысшы) ұсынған:
      1) жобаға түсiндiрме жазба;
      2) жобалау-сметалық құжаттама;
      3) мемлекеттiк сараптаманың қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi.

   4. Қорытынды ережелер

      25. Тапсырысшы (инвестор) не оның тапсырмасы бойынша сенiмдi тұлға мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жататын сараптау жұмыстарын қоспағанда, жобаларға мемлекеттiк емес сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды (сараптама орталықтарын) таңдауға құқығы бар.

      26. Жобаның (оның жекелеген бөлiмдерi мен тарауларын) әзiрлеушiсi болып табылатын жеке және заңды тұлғалар сарапшылар (сараптама орталықтары) ретiнде осы жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларына сараптама жүргiзе алмайды, сондай-ақ осы жобаны сарапшылық бағалауға қатысу үшiн мемлекеттік сараптама ретiнде тартылмайды.

      27. Жобаларға сараптама жүргiзетiн жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттiк сараптаманы қоса алғанда), егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге мiндеттi.
       Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      28. Бекiтуге ұсынылған не бекiтуден бас тартылған жобалау шешiмдерiн және техникалық-экономикалық көрсеткiштердi дұрыс бағалау үшiн сараптамаға, сондай-ақ сарапшылар мен сараптама орталықтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершiлiк жүктеледi.

      29. Мемлекеттiк сараптама, сондай-ақ сарапшылар мен сараптама орталықтары жүзеге асыратын сараптау қызметi тапсырысшылардан (меншiк иелерiнен) жобаларды әзiрлеушiлерден, келiсушi инстанциялардан, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын мердiгерлерден (бас мердiгерлерден), осы объектілердiң құрылысына қолданатын құрылыс материалдары (бұйымдары, құрастырмалары) мен жабдықтарын өндiрушiлерден жобалау және құрылыс өнiмдерiнiң сапасы үшiн жауапкершiлiктi алып тастамайды.

Қаржыландыру көздерiне қарамастан       
                           құрылысқа арналған жобалау алдындағы    
                          (техника-экономикалық негiздемелер),    
                     жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға  
                 сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк
                       инвестициялар есебiнен салынып жатқан    жобаларды бекiту               
ережелерiне қосымша              

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.16. N  557  қаулысымен. 

  Алдын ала жобалау құжаттамасының түрлерiне, сондай-ақ
жобалау (жобалау-смета) құжаттамасына
сараптама жүргiзу ережесінде қолданылатын
ҰҒЫМДАР

      1. Конкурстық (тендерлік) құжаттама - тапсырысшының тапсырмасына сәйкес жасалған және мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткiзудің тәртiбi мен шарттары (шектеулерi), сондай-ақ құрылыс объектiлерiнiң негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi кiретiн құжаттама.

      2. Құрылыстың есеп айырысу құны - құрылысқа арналған алдын-ала жобалау құжаттамаларын әзiрлеген кезде ірiлендiрiлген сметалық нормативтер бойынша анықталатын құрылыс объектiсiнiң (кешенiнің) құны.

      3. Құрылыстың сметалық құны - құрылысқа арналған жобалау құжаттамаларын әзiрлеген кезде сметалық нормативтерге сәйкес анықталатын құрылыс объектісiнiң (кешенiнiң) құны.

      4. Құрылыстың ықтимал қауiптi объектiлерi - функционалдық мақсаты, технологиялық өндiрiстiк процесстерi, пайдалану сипаттамасы бойынша адамның денсаулығы мен өмiрiне зиян, орны толмас залал келтiре отырып, техногендiк және (немесе) экологиялық апаттар (авариялар), басқа объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiне қауiп туғызатын объектiлер.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің  2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  

      5. Техникалық жағынан күрделi объектiлер (кешендер) - жауапкершiлiгi бiрiншi (жоғары) және екiншi (қалыпты) деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, олар үшiн құрылыс жобаларын сараптамалық бағалау заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне жатқызылған.
      Техникалық жағынан күрделi объектiлерге (кешендерге) жауапкершiлiгi үшiншi (төмен) деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жауапкершiлiгi екiншi (қалыпты) деңгейге жататын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (сыртқы инженерлiк желiлердi қоса алғанда) жатпайды, оның iшiнде:
      1) биiктігi:
      қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгi қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстiндегi 5 қабатқа дейiнгi;
      сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) жағдайдағы аудандар үшін - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшiнде бейiмделген бiрiншi қабатты) тұрғын үйлер (ғимараттар) мен жатақханалар;
      2) биiктiгi:
      қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгі қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстiндегi 5 қабатқа дейінгі;
      сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшінде бейiмделген бiрiншi қабатты) саны 50-ден аспайтын нөмiрлері бар және жалпы сыйымдылығы 100 тұрғыннан аспайтын мейманхана кешендерi (мотельдер, туристiк базалар);
      3) қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар:
      орын саны қоса есептегенде 60 балаға дейiнгi мектепке дейiнгi балалар мекемелерi;
      орын саны қоса есептегенде 250-гe дейінгі оқушыға арналған жалпы бiлiм беретiн мектептер мен орта бiлiм беретiн өзге де мекемелер;
      биiктiгi қоса есептегенде екі қабатқа дейiнгi және сыйымдылығы 100 баладан аспайтын мектеп-интернаттардың, балалардың демалыс лагерлерiнiң жеке тұрған жатын корпустары;
      қоса есептегенде 60 төсектiк ауруханалар, ауысымда 100 адам қабылдайтын емханалар;
      ғұрыптарды мейлiнше жаппай орындаған сәтте бiр мезгілде 250 адам келетiн ғибадат ғимараттары мен құрылыстары;
      қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биiктiгi - қоса есептегенде 5 қабатқа дейiнгi көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкiмшілiк, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттары (бiр мезгiлде 300-ден аспайтын адам болатын);
      сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биiктiгi осындай қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi;
      қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 300-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар;
      сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 100-ден аспайтын көрерменге арналған осындай залы бар;
      бiр мезгiлде келушілер мен қызмет көрсетушi персоналдың саны 100 адамнан аспайтын монша-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру немесе демалыс-ойын-сауық кешендерiнiң жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары мен жабық құрылыстары;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуiне арналған өндiрiстiк процестерi бар жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттар;
      сыйымдылығы 100 отыратын орыннан аспайтын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары;
      сауда алаңы 500 шаршы метрден аспайтын сауда кәсiпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары;
      саны 300 бiрлiктен аспайтын сауда орындары бар жабық базарлар;
      4) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандарда құрылысқа арналған көлiк инфрақұрылымының азаматтық объектiлерi, оның iшiнде:
      тәулiгiне қоса есептегенде 100 жолаушыға дейiнгi өткiзу қабiлетi бар темiр жол вокзалдары;
      қоса есептегенде 75 адамға дейiнгi күту залдары бар сапаржайлар;
      авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, сағатына қоса есептегенде 75 жолаушыға дейiнгi өткiзу қабiлетi бар әуевокзалдары мен әуежай терминалдары;
      қоса есептегенде 75 адамға дейiнгі күту залдары бар теңiз және өзен вокзалдары (жүзетiн айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда);
      5) бір мезгiлде 10 бiрлiктен аспайтын көлiк құралдарына қызмет көрсететiн жеке тұрған автосервис пункттері;
      6) сыйымдылығы 25 автомобильден аспайтын жеке тұрған бiр қабатты (жер үстiндегi немесе жер астындағы) гараж-тұрақтар;
      7) құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап етпейтiн, өрт-жарылыс қауiпсiздiгiн, аэрацияның, ылғалдылықтың, температура режимiнiң белгiлi деңгейiн ұстау, вибрацияны шектеу және өзге де арнаулы талаптар жөнiндегi айрықша жағдайларды қамтамасыз ететiн қойма (сақтау орны) үй-жайлары бар азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстар. <*>
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.02. N  1250 , өзгерту енгізілді - 2006.07.07. N  647  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  

      6. Мердiгерлiк жұмыстар (көрсетiлетiн қызметтер) - құрылыс үшiн инженерлiк iздестiрулер, талдау және ғылыми зерттеулер, тәжiрибе және эксперимент, нормативтiк шығармашылық жүргізу, жобалау, құрылысқа арналған құжаттамаларды сараптау, ғимараттар мен үйлер салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, қайта жаңғырту, қалпына келтiру), технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау және орнату, iске қосу-жөндеу жұмыстары, техникалық, авторлық және мемлекеттiк қадағалауды жүргізу, салынған объектiнi (кешендi) пайдалануға беру, күрделі жөндеудi жүзеге асыру, өзiнің ресурстарын тауысқан құрылыс объектiлерiн уақытша тоқтатып қою және оны кейiннен кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстар (көрсетілетiн қызмет).

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің    
2002 жылғы 19 тамыздағы
N 918 қаулысына   
қосымша     

  Қазақстан Республикасы Yкiметінің
күшi жойылған кейбiр шешімдерінің
ТIЗБЕСI

      1. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптама жүргiзудің тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 шілдедегi N 830  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 30, 346-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 26 шілдедегі N 830 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 сәуірдегі N 514  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 17, 146-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегi кейбiр шешімдерiне өзгерiстер енгiзу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 353  қаулысымен  бекiтiлген сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлетiн 2-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 95-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнің 1998 жылғы 9 шілдедегi N 651  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетін 6-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi "Жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 сәуiрiндегi N 632  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 227-құжат):
      3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.