Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 353.

      "Лисаков химия талшығы зауыты" акционерлiк қоғамының өндiрiстiк базасын мейлiнше тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңда белгiленген тәртiппен "Лисаков химия талшығы зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығын Лисаков арнайы экономикалық аймағының Әкiмшiлiк кеңесiне берсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi