Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 647 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 759 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2006 жылғы 7 шiлдедегi
N 647 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет,
қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiсiнiң бiрыңғай нысанында:

      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "өртке қарсы қадағалау органдары (аты, әкесiнiң аты, тегi), (лауазымы)";

      мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын;

      "мемлекеттiк халықты әлеуметтiк қорғау органдары (аты, әкесiнiң аты, тегi), (лауазымы)".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.30. N 555 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.29 N 1468 Қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2015 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.06 N 425(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.