1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "МЖЗҚ" ЖАҚ) акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын
берсiн. 2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 24 қыркүйектегi N 1372 P971372_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 4-тармақ алынып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне: үш күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкiметiне "МЖЗҚ" ЖАҚ директорлар кеңесiнiң құрамы және бас директорының кандидатурасы жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Қасымбеков Б.А. Жұманазарова А.Б