"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 шілде N 837

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын берсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.05.  N 215 қаулысымен.
      2.  (алынып тасталды - 2005.03.05.  N 215 қаулысымен) 
      3.  (алынып тасталды - 2005.03.05.  N 215 қаулысымен.)
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.      

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі