"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 қыркүйек N 1372

      "Asia House Ltd" және "Eisenberg Export Company Ltd" компанияларының Қазақстан Республикасына талап қоюы бойынша қозғалған N 038/1997 iс бойынша және "Universal supply Company Inс." компаниясының Қазақстан Республикасына талап қоюы бойынша қозғалған N 039/1997 iс бойынша Стокгольм қаласындағы Сауда Палатасының Төрелiк институтындағы төрелiк талқылаудың жүргiзiлуi мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Әдiлет министрлiгiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қоры есебiнен төрелiк талқылауға байланысты шығыстарды қамтамасыз ету ретiнде, Стокгольм қаласындағы Сауда Палатасының Төрелiк институтының төрелiк трибуналына төлем жасауды жүзеге асыру үшiн 350 (үш жүз елу) мың швед кронына баламды сома бөлсiн.
     Премьер-Министрдiң
     мiндетiн атқарушы