"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
Кодексiн
(Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерінiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2.
күші жойылды
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - Қр Үкіметінің 2005.02.09 N
124
қаулысымен.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 10 сәуірдегі
N 408 қаулысымен
бекiтiлген
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi
төнген түрлерiнің тiзбесi
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Жануарлардың түрлерi !Р/с! Жануарлардың түрлерi
N ! ! N !
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
--------------------------------------------------------------------
Сүт қоректiлер
1 Көптiстi жертесер 21 Тас сусары
2 Жұпар тышқан 22 Еуропа күзенi
3 Бобринский жарқанаты 23 Шұбар күзен
4 Ақбауыр жарқанат 24 Балжегiш аю
5 Бүрме ерiндi жарқанат 25 Орта Азиялық өзен кәмшаты
6 Азия жалпаққұлақты жарқанаты 26 Қабылан
7 Иконников жарқанаты 27 Шағыл мысығы
8 Мензбир суыры 28 Сабаншы
9 Yндi жайрасы 29 Қарақал
10 Жалман 30 Орта Азия немесе
түркiстан сілеусiнi
11 Бессаусақты ергежейлi қосаяқ 31 Барыс
12 Гептнер ергежейлi қосаяғы 32 Түрiкмен құланы
13 Ергежейлi боз қосаяқ 33 Тоғай кермаралы
14 Ергежейлi майқұйрық қосаяқ 34 Қарақұйрық
15 Үлкен көртышқан 35 Алтай арқары
16 Роборовский атжалманы 36 Yстiрт арқары
17 Сары алақоржын 37 Қызылқұм арқары
18 Қызыл қасқыр 38 Қазақстан арқары
19 Тянь-шань қоңыр аюы 39 Тянь-шань арқары
20 Орман сусары 40 Қаратау арқары
Құстар
1 Қызғылт бiрқазан 30 Қоқиқаз
2 Бұйра бiрқазан 31 Сұңқылдақ аққу
3 Сарықұтан 32 Кiшi аққу
4 Кішкене аққұтан 33 Қутұмсық қаз
5 Жалбағай, қалбағай 34 Қызыл жемсаулы қарашақа
6 Қарабай 35 Мәрмәр шүрегей
7 Түркiстан ақ дегелегi 36 Қара тұрпан
8 Қара дегелек 37 Дентұмсық тұрпан
9 Алакөз қаралаүйрек 38 Қоңыр кептер
10 Ақбас үйрек 39 Балықшы тұйғын
11 Алтай ұлары 40 Жыланшы қыран, бүркiт
12 Ақтырна 41 Бақалтақ қыран
13 Ақбас тырна 42 Дала қыраны
14 Тазтырна 43 Қарақұс
15 Көңмаңдай 44 Бүркiт
16 Дуадақ 45 Ақиық субүркiт
17 Безгелдек 46 Аққұйрық субүркіт
18 Жекдуадақ 47 Сақалтай, қозықұмай
19 Тарғақ 48 Жұртшы
20 Орақтұмсық 49 Құмай
21 Сүйiр тұмсықты шалшықшы құс 50 Ақсұңқар
22 Кiшi шалшықшы құс 51 Ителгі
23 Азиялық тарбаң шырғалақ 52 Бидайық
24 Қарамойнақ шағала 53 Лашын
25 Қарабас өгiз шағала 54 Үкі
26 Қарабауыр бұлдырық 55 Жорға торғай
27 Ақбауыр бұлдырық 56 Көкқұс
28 Ұбақ, қолаңтөс 57 Үлкен құралайқұс
29 Шиқылдақ қаз
Бауырымен жорғалаушылар
1 Шұбар батбат кесiртке 6 Шұбар кесiртке
2 Зайсан батбат кесiрткесi 7 Жолақты абжылан
3 Кесел, алабажақ кесiртке 8 Қызылжолақ абжылан
4 Сары бауыр кесiртке 9 Сарықұрсақ абжылан
5 Үлкен көз кесiртке 10 Төрт жолақты абжылан
Қос мекендiлер
1 Жетiсу бақатiсi 3 Қызылаяқ бақа
2 Даната құрбақасы
Су жәндiктерi
1 Каспий тiлтiсi 11 Шортан тектес ақмарқа
2 Сырдария тасбекiресi 12 Арал қаязы
3 Пiлмай (арал және iле 13 Түркiстан қаязы
популяциясы) 14 Iле қарабалығы (iле
4 Волга көп аталықты майшабағы популяциясы)
5 Каспий албырты 15 Шу сүйрiкқанаты
6 Арал албырты 16 Балқаш алабұғасы
(балқаш-iле
7 Таймен популяциясы)
8 Сылан 17 Шатқалдық тас тасалағыш
9 Ақбалық 18 Сiбiр бекiресi
10 Күтiм 19 Ұзын саусақты шаян
(түркiстандық түрi)
--------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 10 сәуiрдегі
N 408 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған
кейбiр шешімдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Балық аулау мен өндiру объектiсi болып табылатын, өте сирек кездесетiн және жойылып кету шегiнде тұрған су жәндiктерi түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1434
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 48, 539-құжат).
2. "Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгізiлген жануарлар түрлерi мен түр тармақтарының тiзбесiн, Қазақстан Республикасында аулауға рұқсат етiлген жабайы аңдар түрлерiнiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасында Лицензия бойынша аулауға рұқсат етiлетiн жабайы аңдар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1152
қаулысы
.
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 60
қаулысы
.
4. "Қазақстан Республикасында омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбiр түрлерiн пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 14 қарашадағы N 1712
қаулысының
4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 564-құжат).