Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 сәуір N 408

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету

қаупi төнген түрлерінiң тiзбесi бекiтiлсiн.
     2. "Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 наурыздағы N 
281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 13, 210-құжат) 
мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
     1-тармақ алынып тасталсын.
     3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр 
шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкiметiнiң
                                              2002 жылғы 10 сәуірдегі
                                                 N 408 қаулысымен
                                                    бекiтiлген
          Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi
                       төнген түрлерiнің тiзбесi
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!       Жануарлардың түрлерi       !Р/с!      Жануарлардың түрлерi
 N !                                  ! N !
---------------------------------------------------------------------------
 1 !                 2                ! 3 !                4     
---------------------------------------------------------------------------
                              Сүт қоректiлер
1   Көптiстi жертесер                   21  Тас сусары
2   Жұпар тышқан                        22  Еуропа күзенi
3   Бобринский жарқанаты                23  Шұбар күзен
4   Ақбауыр жарқанат                    24  Балжегiш аю
5   Бүрме ерiндi жарқанат               25  Орта Азиялық өзен кәмшаты
6   Азия жалпаққұлақты жарқанаты        26  Қабылан
7   Иконников жарқанаты                 27  Шағыл мысығы
8   Мензбир суыры                       28  Сабаншы
9   Yндi жайрасы                        29  Қарақал
10  Жалман                              30  Орта Азия немесе түркiстан
                                            сілеусiнi
11  Бессаусақты ергежейлi қосаяқ        31  Барыс
12  Гептнер ергежейлi қосаяғы           32  Түрiкмен құланы
13  Ергежейлi боз қосаяқ                33  Тоғай кермаралы
14  Ергежейлi майқұйрық қосаяқ          34  Қарақұйрық
15  Үлкен көртышқан                     35  Алтай арқары
16  Роборовский атжалманы               36  Yстiрт арқары
17  Сары алақоржын                      37  Қызылқұм арқары
18  Қызыл қасқыр                        38  Қазақстан арқары
19  Тянь-шань қоңыр аюы                 39  Тянь-шань арқары
20  Орман сусары                        40  Қаратау арқары
                                 Құстар
1   Қызғылт бiрқазан                    30  Қоқиқаз
2   Бұйра бiрқазан                      31  Сұңқылдақ аққу
3   Сарықұтан                           32  Кiшi аққу
4   Кішкене аққұтан                     33  Қутұмсық қаз
5   Жалбағай, қалбағай                  34  Қызыл жемсаулы қарашақа
6   Қарабай                             35  Мәрмәр шүрегей
7   Түркiстан ақ дегелегi               36  Қара тұрпан
8   Қара дегелек                        37  Дентұмсық тұрпан
9   Алакөз қаралаүйрек                  38  Қоңыр кептер
10  Ақбас үйрек                         39  Балықшы тұйғын
11  Алтай ұлары                         40  Жыланшы қыран, бүркiт
12  Ақтырна                             41  Бақалтақ қыран
13  Ақбас тырна                         42  Дала қыраны
14  Тазтырна                            43  Қарақұс
15  Көңмаңдай                           44  Бүркiт
16  Дуадақ                              45  Ақиық субүркiт
17  Безгелдек                           46  Аққұйрық субүркіт
18  Жекдуадақ                           47  Сақалтай, қозықұмай
19  Тарғақ                              48  Жұртшы
20  Орақтұмсық                          49  Құмай
21  Сүйiр тұмсықты шалшықшы құс         50  Ақсұңқар
22  Кiшi шалшықшы құс                   51  Ителгі
23  Азиялық тарбаң шырғалақ             52  Бидайық
24  Қарамойнақ шағала                   53  Лашын
25  Қарабас өгiз шағала                 54  Үкі
26  Қарабауыр бұлдырық                  55  Жорға торғай
27  Ақбауыр бұлдырық                    56  Көкқұс
28  Ұбақ, қолаңтөс                      57  Үлкен құралайқұс
29  Шиқылдақ қаз     
                        Бауырымен жорғалаушылар
1   Шұбар батбат кесiртке               6   Шұбар кесiртке
2   Зайсан батбат кесiрткесi            7   Жолақты абжылан
3   Кесел, алабажақ кесiртке            8   Қызылжолақ абжылан
4   Сары бауыр кесiртке                 9   Сарықұрсақ абжылан
5   Үлкен көз кесiртке                  10  Төрт жолақты абжылан
                            Қос мекендiлер
1   Жетiсу бақатiсi                     3   Қызылаяқ бақа
2   Даната құрбақасы                
                             Су жәндiктерi
1   Каспий тiлтiсi                      11  Шортан тектес ақмарқа
2   Сырдария тасбекiресi                12  Арал қаязы
3   Пiлмай (арал және iле               13  Түркiстан қаязы
    популяциясы)                        14  Iле қарабалығы (iле
4   Волга көп аталықты майшабағы            популяциясы)
5   Каспий албырты                      15  Шу сүйрiкқанаты
6   Арал албырты                        16  Балқаш алабұғасы (балқаш-iле
7   Таймен                                  популяциясы)
8   Сылан                               17  Шатқалдық тас тасалағыш
9   Ақбалық                             18  Сiбiр бекiресi
10  Күтiм                               19  Ұзын саусақты шаян
                                            (түркiстандық түрi)
---------------------------------------------------------------------------
     
                                                Қазақстан Республикасы
                                                      Yкiметiнiң
                                                2002 жылғы 10 сәуiрдегі
                                                    N 408 қаулысына
                                                        қосымша
               Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
               күші жойылған кейбiр шешімдерiнiң
                           ТIЗБЕСI


      1. "Балық аулау мен өндiру объектiсi болып табылатын, өте сирек кездесетiн және жойылып кету шегiнде тұрған су жәндiктерi түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1434 P941434_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 48, 539-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгізiлген жануарлар түрлерi мен түр тармақтарының тiзбесiн, Қазақстан Республикасында аулауға рұқсат етiлген жабайы аңдар түрлерiнiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасында Лицензия бойынша аулауға рұқсат етiлетiн жабайы аңдар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1152 P951152_ қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар

мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 
16 қаңтардағы N 60  

P960060_

  қаулысы.
     4. "Қазақстан Республикасында омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбiр 
түрлерiн пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 14 
қарашадағы N 1712  

P001712_

  қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының 
ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 564-құжат).
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.