Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 16 қаңтар N 60.
     Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.04.10. N 408 қаулысымен. ~P020408

      Қаулы Етемiн:
      1. 1995 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған және 6.236.000.000 жапон йенасы сомасында қаражат бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасы мен Жапония Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қоры арасындағы Дружба станциясы темiржол көлiгiнiң қуатын дамытуға арналған займ туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi