Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның жұмысын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi N 935 P990935_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 298-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия туралы ереже:
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссияның құрамына мемлекеттiк органдардан мемлекеттiк органның
бiрiншi басшысының орынбасары деңгейiнде мәртебесi бар өкiлдер енгiзiледi,
қоғамдық бiрлестiктерден шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн саны кемiнде
үштен бiрiн құрайтын республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi
енгiзiледi.";
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.