1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi N 935 P990935_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 298-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия туралы ереже: 10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комиссияның құрамына мемлекеттiк органдардан мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының орынбасары деңгейiнде мәртебесi бар өкiлдер енгiзiледi, қоғамдық бiрлестiктерден шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн саны кемiнде үштен бiрiн құрайтын республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiледi."; 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.