Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қарау кезінде заңнаманың дұрыс әрі біркелкі сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар азаматтардың, ұйымдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың арыздары бойынша қозғалатынына (Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 55, 62-баптарының талаптарына сай) және факт туралы даудың болу ықтималдығымен, бірақ құқық туралы даудың сөзсіз болмайтындығымен сипатталатынына соттардың назары аударылсын. Егер арызданушы заңдық маңызы бар бірнеше фактілерді анықтау туралы арыз берсе, онда соттар осы талаптарды бір өндірісте қарауға құқылы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.2. Соттар заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арыздарды егер:
мұндай фактілер заңға сәйкес (АПК-нің 305-бабының бірінші бөлігі) заңдық маңызы бар жағдайларды тудырса (азаматтар мен ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарының пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы);
фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе оларды қалпына келтіретін арызданушының басқа мүмкіндігі болмаса (АПК-нің 306-бабы);
қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) мүмкіндігі көзделмесе (АПК-нің 306-бабы);
фактіні анықтау соттың ведомстволығына жататын құқық туралы дауды кейін шешуге байланысты болмаса, қабылдап, ондай істерді ерекше өндіріс тәртібімен қарай алады (АПК-нің 304-бабының екінші бөлігі).
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.3. Арызды қабылдау кезінде сот арызданушыдан ол фактіні анықтаудың оның қандай заңдылық мүддесін қорғайтындығын айқындап, арызданушыдан фактіні куәландыратын тиісті құжатты алудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет.
Құжатты алу мүмкіндігінің жоқтығы деп белгілі бір фактіні тіркеу ережелерінің талабын (мысалы, асырауда болуды) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмауын немесе сол сәтте ондай шараға бара алмаушылықты, жүгінуге жағдайы болмауын түсіну қажет (мысалы, өлім фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпеген, баланың туғаны туралы жазбаға уақытында түзету енгізбеген және әкенің қайтыс болуына байланысты мұны жасау мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі). Құжатты алуға мүмкіншілік жоқ деп, сондай-ақ фактіні растайтын құжаттар болғанмен, алайда сол құжатта дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес (мысалы, қайғылы жағдай туралы акт) қателіктер мен фактіні тура дәлелдейтін негіздемелер болмаса, ол құжаттар дәлел болу маңыздылығын жоғалтып, оны түзетуге жағдайлар болмауын түсіну қажет.
Құжаттың жоғалып немесе жойылып кетуіне байланысты тиісті органның оның көшірмесін беру мүмкіндігінің болмауын жоғалған құжатты қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ деп түсіну қажет.
Егер қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі көзделсе, онда сот АПК-нің 151-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс.
Арыз қателікпен қабылданып, ол бойынша іс қозғалған жағдайда, онда ол АПК-нің 277-бабының 1) тармақшасының негізінде қысқартылуға жатады.
Егер заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызды қабылдау немесе сот талқылауына істі дайындау барысында әрекеттер жасау, не мәні бойынша істі қарау барысында судья соттың ведомстволығындағы құқық туралы дау бар екенін анықтаса, АПК-нің 279-бабы 13) тармақшасының негізінде ол арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығаруға және арыз беруші мен басқа да мүдделі тұлғаларға талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.4. Туыстық қатынастар фактісін (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасы) айқындау азамат үшін тікелей заңдылық жағдайларды тудырса, мысалы, ондай фактіні анықтау арызданушыға мұраға құқық туралы куәлікті алуға немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқысын ресімдеу үшін қажет болған жағдайларда ғана сот тәртібімен анықталады.
Туыстық қатынастар фактісін анықтау туралы іс бойынша шешімде сот арызданушының тиісті адаммен туыстық қатынасы қандай дәрежеде екендігін көрсетуге тиіс.
Арызданушының сотқа жүгінуі азаматтық хал актілеріндегі жазбалардағы қателіктердің болуына байланысты туындаса, туыстық қатынастар фактісі сот арқылы анықталмайды. Мұндай арыздарды сот АПК-нің 44-тарауында белгіленген тәртіппен қарайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.5. Соттар бір адамның екінші адамның қамқорында (асырауында) болу (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасы) фактілерін анықтаудың заңдылық екенін, ол азаматтың мұрагерлік құқысын бекіту үшін мұраны (АК-нің 1068-бабы) немесе қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы (АК-нің 940-бабы) алуы үшін және заңда көзделген басқа да жағдайларды анықтау үшін керек екендігі назарда болуы керек.
Аталған жағдайларда, арызданушы жалақы, зейнетақы, стипендия және т.б. кірістері болған болса, қамқоршы тарапынан көмек тұрақты және негізгі күнкөріс көзінің болғанын анықтау қажет.
Тек қайтыс болған адамның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқылы.
Заң бойынша мұраға құқықты ресімдеу мақсатында асырауда болу фактісін анықтау үшін арызданушы мұра беруші қайтыс болған күні еңбекке жарамсыз, қайтыс болған адаммен бірге және кемінде бір жыл оның қамқорында болуы керек (АК-нің 1068-бабының 1-тармағы).
Мұрагерлікке шақырылатын кезектегі мұрагерлермен бірге мүлікті мұралыққа қабылдау мақсатында заң бойынша мұрагерлер қатарына жататын адамдардың асырауда болу фактісін анықтау үшін мүдделі адам еңбекке жарамсыз және мұра беруші қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның қамқорында болуы керек (АК-нің 1068-бабының 2-тармағы).
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.6. Баланың тууын, ұлды (қызды) асырап алу, некені қиюды, ажырасуды, өлгендікті (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 3) тармақшасы) тіркеу фактілерін анықтау туралы істерді қарау кезінде соттар оқиғаның өзін емес, олардың тиісті органдарда тіркелу фактілерін ғана анықтайтынын соттар назарда ұстаулары қажет.
Егер азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында және тиісті мұрағаттарда мұндай жазба сақталмаса және оны қалпына келтіруден бас тартылса, онда мұндай істер қаралуға жатады.
Нақтылы некелік қатынаста болу фактісін анықтау туралы істер осы тармаққа сәйкес қаралмайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.7. Құқық белгілейтін құжаттардың адамға тиістілігі жөніндегі фактіні анықтау туралы талаптар бойынша құжатта көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 5) тармақшасы) көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтіні анықталса, арызды қабылдау сәтінде, ал ол қабылданған жағдайда істі сот талқылауына дайындау кезінде соттар арызданушыдан құқық белгілейтін құжаттың оған тиесілі екендігін және оны берген ұйымның оған тиісті өзгерістерді енгізуге мүмкіндігі жоқтығын көрсететін дәлелдемелерді ұсынуды талап етуге тиіс.
Әскери құжаттардың, паспорттың, жеке куәліктің және азаматтық хал актілерін жазу органдары берген куәліктердің нақтылы адамға тиісті фактісін анықтауға соттың құқысы жоқ.
Сонымен қатар, ССР Одағының және оның органдарының таратылуына байланысты, ордендер мен медальдардың куәліктерінде көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін жағдайда, ол құжаттар белгілі адамдікі екендігін анықтауға сот құқысының бар екендігін назарда ұстау қажет. Осы орайда, осындай фактілерді анықтау туралы шешім осы құжаттардың арызданушыға тиесілі екендігі нанымды дәлелдемелердің қорытындысына сәйкес негізделуге тиіс.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.8. Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасы) фактілері арызданушының қолында мүліктің тиесілігі туралы құқықты белгілейтін құжат болып, бірақ ол жоғалған және көрсетілген фактіні соттан тыс қарау тәртібімен анықталуы мүмкін болмаған жағдайда ғана сот арқылы анықталады. Осы орайда, сот осындай істерді қарау кезінде мүлікке меншік құқығын емес, мүліктің арызданушыға тиесілі екенін растайтын құжаттардың болу фактісін ғана анықтайды.
Өз бетімен тұрғызылған, пайдалануға қабылданбаған құрылыстарды, сондай-ақ басқа адамның атына тіркелген құрылыстарды иелену фактісін сот анықтамайды.
Автокөлікті немесе басқа мүліктерді мәміле бойынша иемденіп, бірақ заңнамаға сәйкес ресімделмеген болмаса, онда оларды иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерінің анықталуы мүмкін емес. Бұл жағдайда арызданушы меншік құқығын тану немесе мәмілені болған деп тану үшін жалпы тәртіп негізінде талап арызбен сотқа жүгінуге құқысы бар.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.9. Жазатайым жағдай фактісін (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 7) тармақшасы) анықтау туралы істерді қарау кезінде сот мұндай фактіні оны соттан тыс тәртіппен анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда анықтауға құқылы екенін назарда ұстау қажет.
Жазатайым жағдай туралы акт жасалмаса, ал оны жасаудың мүмкіндігі болмаса, акт жасалған, бірақ ол кейіннен жоғалса, ал оны соттан тыс тәртіппен қалпына келтіру мүмкіндігі болмаса немесе актіні жасау кезінде жазатайым жағдай фактісін тануға кедергі келтіретін қателік жіберіліп, оны жою мүмкін болмаған жағдайда, жазатайым жағдай туралы фактіні анықтау жайлы арыз сот өндірісіне қабылдануы мүмкін.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.10. Адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болу фактісін анықтау туралы арыз (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 8) тармақшасы) азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болған адам жайында оны тіркеуден бас тартқаны туралы арызданушыға жазбаша жауабы болса ғана сот өндірісіне қабылданады.
Арызды қанағаттандыру туралы шешім адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болғанын нанымды куәландыратын дәлелдемелерге негізделуге тиіс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.11. Мұрагерлікті қабылдау фактісін анықтау туралы арыз (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 9) тармақшасы), егер нотариаттық іс-әрекет жасайтын орган мұраға алынған мүлікті иелену фактісін нотариаттық тәртіппен растау үшін тиісті құжаттардың жоқтығына немесе жеткіліксіздігіне байланысты мұраны иелену құқығы туралы куәлікті арызданушыға беруге құқысы болмаса, ерекше өндіріс тәртібімен қаралады.
Егер қажетті құжаттар ұсынылып, бірақ мұраны иелену құқығы туралы куәлікті беруден бас тартылса, арызданушы АПК-нің 45-тарауында мазмұндалған қағидаға сәйкес нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуға байланысты шағымданып, сотқа жүгінуге құқылы.
Егер мұра, мұраны қабылдау презумпциясын көздейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекше бөлімі күшіне енгізілген 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін шын мәнісінде қабылданса мұндай фактілердің анықталуы мүмкін екенін соттар назарда ұстаулары қажет. Мұндай жағдайда бұрын қолданылған заңнаманы басшылыққа алу керек.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.12. Азаматтар мен ұйымдардың АПК-нің 305-бабында келтірілген жеке не мүліктік құқықтарының пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтауына байланысты фактілер тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Соттар заңдық маңызы бар басқа да фактілерді, атап айтқанда, белгілі бір уақытта белгілі бір жерде тұруын, адамның қуғын-сүргіннің нәтижесінде арнайы қоныстарда болу фактісін, әкелікті тану ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 49-бабы), мұраны қабылдаудан бас тарту фактісін анықтауға құқылы.
КСРО Жоғарғы Советі Президиумының 1944 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен 1944 жылғы 8 шілдедегі Жарлық шыққанға дейін нақтылы некелік қатынастарда болған азаматтарға және ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуының салдарынан некені азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында тіркеуге мүмкіндігі болмағандарға нақтылы некені тану туралы сотқа жүгіну құқығы берілген болатын. Осы іс-әрекеттерді жасау үшін қандай да бір мерзім белгіленбегендіктен мұндай фактілердің әлі күнге дейін заңдылық маңызы бар болғандықтан, олар сот арқылы анықталуы мүмкін.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.13. Заңдылық маңызы бар фактілерді анықтау туралы іс бойынша шығарылған шешім АПК-нің 226-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс. Онда сот анықтаған мән-жайлар туралы тұжырымды растайтын дәлелдемелер келтірілуі тиіс. Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде осы фактіні толық ашып көрсетуге тиіс.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.14. Осы қаулының қабылдануына байланысты "Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы" СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1966 жылғы 25 ақпандағы N 2 қаулысын орындауы туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1981 жылғы 16 желтоқсандағы N 6 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
15. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болады әрі ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Жалпы отырыстың хатшысы, |
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының судьясы |