"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкалары бекiтiлсiн.
2. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 127 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Мемлекеттiк органдар бiр ай мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін күшіне енеді.
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 434
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 24 қаңтардағы
N 100 қаулысымен
бекiтiлген
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкалары
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 434
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2002.07.17. N 794
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. Қосымша 40-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2003.08.20. N 833
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. Қосымша 41-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2003.10.02. N 1018
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2004.03.04. N 269
қаулысымен
.
____________________________________________________________________
Лицензияланатын қызмет түрлері !Лицензиялық
!алым
!ставкалары,
!айлық есеп.
!тiк көрсет.
!кiштермен
____________________________________________________________________
1 2
____________________________________________________________________
1-тарау. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн
лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары
1. Азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге
байланысты қызметті лицензиялау үшiн лицензиялық алым
ставкалары:
1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта 10
бiлiм; кәсiптiк бастауыш, оның iшiнде кәсiптер
бойынша бiлiм; кәсiптiк орта, кәсіптiк жоғары, жоғары
оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк, оның iшiнде мамандықтар
бойынша бiлiм беретiн заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi,
сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың
қызметi;
2) бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк 10
кешендер, электронды оқулықтар мен қосымша оқу әдебиетiн
басып шығару жөнiндегi қызмет;
3) медициналық, дәрігерлік қызметтен айналысу; 10
мал дәрігерлік қызметпен айналысу; 6
4) мемлекеттiк емес субъектiлердiң тыңшылық 6
(детективтiк) қызметке байланысты заң қызметтерiн
көрсетуi;
5) адвокаттық қызмет; 6
6) адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң 6
қызметтерiн көрсету;
7) нотариустар қызметi; 6
8) лотереялар (мемлекеттiктен (ұлттықтан) басқа), 10
тотализаторлар, казинолар ұйымдастыру және өткiзу;
9) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет; 6
10) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн 6
жүзеге асыруы.
11) білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене
шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызмет көрсетулер жөнiндегi қызмет:
заңды тұлғалар үшiн 10
жеке тұлғалар үшін 5
2. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты
қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық алым
ставкалары:
1) банк операцияларын, сондай-ақ банк заңнамасына 80(40)*
сәйкес банктер жүзеге асыратын өзге де операцияларды
жүзеге асыру;
клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарының 40
қызметi;
банк қызметiне аудит; 25
2) аудиторлық қызмет; 10
3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы 50
сақтандыру" саласындағы қызмет;
қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет; 20
сақтандыру брокерлерiнiң қызметi; 30
сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызмет; 5
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын аудиторлық 25
тексеру;
4) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет, бағалы 10
қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және
бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың
өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi;
5) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызмет; 10
6) зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi 10
қызмет;
7) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару 10
жөнiндегi қызмет;
8) инвестициялық қор қызметi. 10
3. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
операциялар қызметiн лицензиялау үшiн лицензиялық
алым ставкалары:
1) қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауда жасау 10
және қызметтер көрсету;
2) резиденттердiң өздерi тіркелген мемлекеттер 10
заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетел банктері
мен өзге де қаржы институттарында шоттар (Қазақстан
Республикасының валютасындағы шоттарды қоса
алғанда) ашуы;
3) резиденттердің шет елге инвестициялары (банктердің 10,
брокерлік-дилерлік қызметiн қоспағанда); бірақ
операция
сомасынан
аспайды
4) резиденттердiң резидент еместер пайдасына 10,
жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтарын төлеуге бірақ
операция
аударымдары;
сомасынан
аспайды
5) резиденттердің резидент еместер пайдасына 10,
120 күннен астам мерзiмге тауарлар, жұмыстар мен бірақ
көрсетiлетiн қызметтер үшiн, сондай-ақ тауарлар операция
(жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) экспортына сомасынан төленетiн валюталық түсiмдi алу мерзiмiн аспайды
резиденттердің тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн
қызметтер) экспортқа шығарылған күннен бастап
120 күннен астам асырып жiбергенi үшiн аванстық
төлемдi көздейтiн импорттық мәмiлелер бойынша есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшiн аударымдары;
6) резиденттердiң резидент еместерге 120 күннен астам 10,
мерзiмге несиелер беруi; бірақ
операция
сомасынан
аспайды
7) резиденттің резидент еместен несие ретiнде алған 10,
шетел валютасын үшiншi тұлғалардың есептерiне қосу. бірақ
операция
сомасынан
аспайды
4. Қауiптiлiгi жоғары және (немесе) ерекше маңызды
мемлекеттік мәні бар объектiлерге байланысты
қызметтi лицензиялау үшін лицензиялық алым
ставкалары:
1) қару-жарақ пен оның оқ-дәрiлерiн, әскери 22
техникаларды, олардың босалқы бөлшектерiн,
құрауыш элементтерiн және аспаптарын, егер олар
басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, сондай-ақ
құрастыруды, оңдауды, пайдалануды, сақтауды,
жөндеудi және сервистік қызмет көрсетудi қоса
алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар
мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткiзу;
ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, 9
арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге
арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу,
өндiру, жөндеу және өткiзу;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар 22
қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және өткiзу;
3) зымыран-ғарыш техникасын жасау, өндiру, 186
пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымын
(полигон, командалық-өлшеу кешенi, қабырғалық база
және басқалар) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш
кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрi;
4) почта байланысы мен телекоммуникациялар 6
саласындағы қызметтердi өндiру және ұсыну, теледидар
және дыбыстық (радиохабарлар) бағдарламаларды
тарату жөнiнде қызметтер көрсету, байланыстың жалпы
республикалық магистральдық, халықаралық желiлерiн
жобалау, салу, пайдалану және радиожиiлiк спектрiн
пайдалану;
5) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет
түрлерi, оның ішінде:
атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, 230
жобалау, құру, пайдалануға беру, пайдалану, қайта құру,
консервациялау және пайдаланудан шығару;
радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу; 230
ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды 230
физикалық қорғау;
ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау 100
жөнiндегi қызметтер;
радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық 100
сауықтыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды 50
Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде
тасымалдау (транзиттi қоса);
ядролық жарылыстар өткiзiлетiн орындардағы 50
қызметтiң барлық түрi;
атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет 10
үшiн қызметкерлер, мамандар даярлау және оларды
аттестаттау;
6) құрамында арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ 200
пайдалануға жол берiлетiн нормадан артық мөлшерде
радиоактивтi заттар бар өнiмдi дайындау және өткiзу;
7) электр және жылу энергиясын өндiру, беру және 10
бөлу;
8) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу; 10
9) босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, 22
кәдеге жарату, көму) және ұқсату;
10) жарылу-өртену қаупi бар және кен өнеркәсiбi 10
өндiрiстерiн, электр станцияларды, электр желiлерi мен
көмекшi станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды,
магистральды газ, мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш
құрылыстарды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн
қазандықтар, түтiктер мен өткiзгiш құбырларды және
мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, салу және
пайдалану;
11) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, 10
геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика
жабдықтарын, жарылыстан қорғанышты электротехникалық
жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi
беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылыстарды,
сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды,
түтiктер мен өткiзгiш құбырларды жобалау, дайындау,
құрастыру және жөндеу;
12) азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның 7
оқтарын, жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның
оқтарын, суық қаруды өндiру, жөндеу, сату;
азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның оқтарын, 5
жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның оқтарын, суық қаруды
сатып алу және сәнге жинау;
азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның 11
оқтарын, жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның оқтарын,
суық қаруды жасау, көрмеге қою;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар 5
қолданылатын бұйымдарды жасау, сату, сәнге жинау;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар 11
қолданылатын бұйымдарды өндiру, сатып алу, көрмеге қою;
химиялық өзiн-өзi қорғау құралдарын сату, сатып алу, 5
сәнге жинау;
химиялық өзiн-өзi қорғау құралдарын жөндеу, көрмеге қою; 10
химиялық өзiн-өзi қорғау құралдарын жасау, өндiру; 7
13) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге 10
газ жүргiзу жөнiндегi өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
14) күзет, өрт дабылын беру және өртке қарсы автоматика 10
құралдарын жобалау, құрастыру, оңдау және техникалық
күтiм жасау;
өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өртке қарсы 10
қорғану құралдарын өндiру және өткiзу;
15) жолаушылар лифтiлерiн құрастыру, жөндеу және оларға 10
күтiм жасау;
16) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау 10
құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, өңдеу
және көтерме өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға
байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерi;
17) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен 200
изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды
әзiрлеу, өндiру және өткiзу;
18) жолаушыларды және жүктердi тасымалдау:
темiр жол, өзен, теңiз көлiгiмен; 3
әуе көлiгiмен; 15
жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен 3
халықаралық тасымалдау;
қауiптi жүктердi және барлық көлiк түрiмен 3
тасымалдау;
авиациялық жұмыстар; 15
19) әуежай қызметi, соның iшiнде: 10
азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығару
және оларға қызмет көрсету, теңдеме жүктерді, жүктерді,
почтаны өңдеу, оларды тексеру және бақылау;
әуеайлақ, әуежай, аэронавигация объектілерiн ұстау, жөндеу
және пайдалану;
әуежайдың авиациялық қауiпсiздiгi қызметi, бақылау
аймағында бақылау-өткiзу режимiн қамтамасыз ету және
өртке қарсы қамтамасыз ету;
азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуын жарық-техникалық
қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, аэронавигация
объектілерiн энергиямен жабдықтау;
азаматтық әуе кемелерiн, әуежай қызметтерiнiң объектілерiн
жанар-жағармай материалдарымен және арнайы
сұйықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау;
азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға және басқа да
тұтынушыларға арнайы автокөлiк құралдарын ұсыну;
әуежайларда және азаматтық әуе кемелерiнде
жолаушыларды, экипажды тармақпен қамтамасыз ету;
жолаушыларға, экипажға, халыққа азаматтық авиация
саласындағы қажетті деректермен ақпараттық-анықтамалық
қызмет көрсету
19-1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөнiндегi қызмет көрсетулер 10
20) ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, 9
ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын
әзiрлеу, дайындау, құрастыру, оңдау, пайдалану,
сақтау, жөндеу және оларға сервистiк қызмет жасауды
қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
құпияларын техникалық қорғау жөнiндегi қызметтiң
барлық түрi;
21) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық 10
және картографиялық жұмыстар жүргiзу мен
топографиялық-геодезиялық және картографиялық
өнiмдердi өткiзу;
22) емдiк препараттар дайындау және өткiзу 10
(жануарлардың, құрамында есiрткi және психотроптық
заттар жоқ өсiмдiктер мен шөптердiң емдiк
өнiмдерiн өсiру, жинау және сатудан басқа);
23) минералдық шикiзатты қайта өңдеу; 10
24) жобалау-iздестiру, сарапшылық, құрылыс-монтаж 10
жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен
конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстар;
25) өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, өндiру және жөндеу; 10
26) этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiру; 36
этил спиртiн сақтау және өткiзу; 14
алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және 14
көтере өткiзу;
алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек өткiзу; 10
27) бағалы қағаздар бланкiлерiн, сондай-ақ елтаңбалы 10
қағаздар, чек кiтапшалары мен депозиттiк
сертификаттар бланкiлерiн жасау;
28) шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс 10
күшiн Қазақстан Республикасынан шет елдерге
шығаруға байланысты қызмет;
29) заңды тұлғалардың түстi және қара металдар 10
сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi;
30) сот-сараптама қызметi; 6
31) археология және тарих пен мәдениет 10
ескерткiштерiн жаңғырту жұмыстары;
32) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар
айналымына байланысты қызмет:
әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, 20
сатып алу, сақтау, бөлу, өткiзу, пайдалану, жою;
құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар 20
өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау;
33) астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау 10
және тиеп жөнелту;
34) туроператорлық, турагенттiк, экскурсиялық қызмет; 10
туризм нұсқаушысының қызметтерi; 1
35) темiр жолдың жылжымалы құрамын, қауiптi жүктердi 4
тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi
дайындау және жөндеу;
36) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын 5
орнату, құрастыру, жөндеу және пайдалану;
37) iздестiру-құтқару, кендiк құтқару, газдан құтқару, 4
атқыламаға қарсы жұмыстар;
38) банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ 10
борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi
қызмет;
39) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе 10
бойынша уларды өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау,
сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану және жою.
39-1) теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет
көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi 10
40) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және
фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет 10<*>
41) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi
қызмет 10 <*>
42) арнайы су пайдалану, соның iшінде:
ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық
шаруашылығы және көлiк мұқтаждары үшiн жерүсті су
объектілерінен тәулiгiне елу текше метрден астам көлемде
су алу және пайдалану; кеме қатынасынан басқа 10
қайталама су пайдаланушыға жерүсті су объектілерінен су
алу және беру 100
43) мұнай өнiмдерiн өндiру 500
44) темекi өнiмдерiн өндiру 500
45) электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнiң
электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтiне сәйкестiгiн
куәландыру жөнiндегi, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң
шынайылығын растау жөнiндегi қызмет 25
46) пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөнiндегi 20
қызмет
47) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды
жобалау, нормалау және жұмыстар 20
48) шаруашылық қызметтен экологиялық қауiптi түрлерi 50
49) экологиялық аудиторлық қызмет 50
5. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспортын 6
және импортын лицензиялау үшiн лицензиялық алым ставкалары
2-тарау. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу Лицензия беру
құқығы үшiн лицензиялар телнұсқасын беру кезiнде кезіндегі
алынатын лицензиялық алым ставкалары лицензиялық
алым ставка.
сының 100%-ы
3-тарау. Лицензияларды қайта рәсiмдеу үшiн Лицензия беру
лицензиялық алым ставкалары кезіндегі
лицензиялық
алым ставка.
сының 10%-ы,
бірақ 4 АЕК-
тен аспайды
____________________________________________________________________
* Банк операцияларына байланысты қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық алым ставкалары:
- екiншi деңгейдегi банктер үшiн - 80 айлық есептiк көрсеткiш;
- банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдар үшiн - 40 айлық есептiк көрсеткiш.