Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ ішкi істер органдарының зейнеткерлерiне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 16 қаңтардағы
N 53 қаулысымен
бекiтiлген
Ішкі iстер органдарының қызметкерлерiне және олармен
бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ ішкi істер
органдарының зейнеткерлерiне медициналық және
санаторлық-курорттық қызмет көрсету
тәртiбi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы", "Өрт қауіпсіздігі туралы", "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы", "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы", "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне, ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің, қаржы полициясының, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлеріне, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ осы ведомстволар қызметкерлерінің арасынан шыққан зейнеткерлерге (бұдан әрі - контингент) медициналық және санаторийлік-курорттық қызмет көрсету тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
1-1. Қызметтік міндеттерін не қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің балаларында олар кәмелетке толғанға дейін ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады. <*>
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.13. N 724 қаулысымен.
2. Құрамға медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң медицина ұйымдарында жүзеге асырылады.
Санаторлық-курорттық қызмет көрсету Ішкі әскерлердiң мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерiне қолданылмайды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
3. Құрамға медициналық көмектi Қазақстан Республикасы Ішкi істер министрлiгiнiң медицина ұйымдары көрсетедi. Қызмет өткерiп жүрген жерде немесе тұратын жерiнде, немесе ведомстволық медицина ұйымдарында тиiстi бөлiмшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаған ретте, медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның аумақтық ұйымдарында кепiлдi медициналық көмек көлемi шегiнде тиiстi бюджеттер қаражаты есебiнен кедергiсiз әрi тегiн көрсетiледi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
4. Құрамға медициналық көрсетулер бойынша медициналық жәрдем, үйiнде тегiн кепiлдi медициналық көмек көлемi шегiнде көрсетiледi.
2. Медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыру
5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң медицина ұйымдары медициналық көмектiң: алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, медициналық-әлеуметтiк көмек және оңалту көмегi түрлерiн жүзеге асырады.
6. Құрам қатарынан сырқатты мамандандырылған стационарға, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарына тексеру және емдеу үшiн ауыстыру қажеттiгi туындаған жағдайда, мұндай ауыстыру заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мұндай адамдарды шет елге тексеруге және емделуге жiберу заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
7. Контингенттің қатарынан шыққан зейнеткерлерге стационарлық емдеу Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен, тегiн кепiлдi медициналық көмек көлемi шегiнде көрсетiледi.
Стационарларда дәрi-дәрмектiк көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен, өмiрлiк маңызы бар дәрі-дәрмектiк құралдар тiзімiне сәйкес жасалған дәрi-дәрмектiк формуляр бойынша тегiн көрсетiледi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
8. Ішкi iстер органдарының денсаулық сақтау медицина ұйымдарында стационарлық емдеуде болатын ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің, қаржы полициясының, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне медициналық және дәрi-дәрмектiк көмек сырқатты емдеу үшiн қажеттi көлемде әрi құрамда көрсетiледi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
9. Астана және Алматы қалаларынан тысқары жерлерде тұратын құрам Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық медицина ұйымдарына консультация алуға және ауруханаға жатуға Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Тыл департаменті Медицина басқармасының ұсынуы бойынша Тыл департаментінің жазбаша рұқсатымен жiберiледi.
Сырқаттарды Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң республикалық медицина ұйымдарына жiберу кезiнде Астана және Алматы қалалары, облыстардың ішкі істер департаменттерінің медицина қызметтерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тыл департаментінің Медицина басқармасына ауру баянының немесе амбулаторлық картаның толық көшiрмесiн жiбередi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
10. Медициналық көмек алу үшiн құрамды тiркеу ресiмдеуiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң медицина ұйымдары ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің, қаржы полициясының, қылмыстық атқару жүйесінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің кадр аппараттарының тiзiмi негiзiнде жүргiзедi. Әрбiр тiркелген адамға медициналық амбулаторлық карта ашылады, ол амбулаторлық-емханалық мекеменiң тiркеу бөлiмiнде сақталады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
3. Санаторлық-курорттық қызмет көрсету
11. Құрамға санаторлық-курорттық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
12. (Ескерту. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен).
13. Санаторлық-курорттық емделуге жiберу кезiнде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен, белгiленген нысан бойынша медициналық құжаттама ресiмделедi.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.
14. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде зақым алған (жараланған, жарақат, контузия алған) ішкі істер органдарының қызметкерлері емделгеннен кейін бюджет қаражаты есебінен ішкі істер органдары санаторлық-іріктеу комиссияларының шешімі бойынша санаторийлік-курорттық емдеуге жіберіледі.
Ескерту. 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 85 Қаулысымен.