Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ішкi істер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ ішкi істер органдарының зейнеткерлерiне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 16 қаңтардағы
N 53 қаулысымен
бекiтiлген
Ішкі iстер органдарының қызметкерлерiне және олармен
бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ ішкi істер
органдарының зейнеткерлерiне медициналық және
санаторлық-курорттық қызмет көрсету
тәртiбi
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар
U952707_
Жарлығына, "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы"
Z970111_
, "Өрт қауiпсiздiгі туралы"
Z960048_
, "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының
Z922200_
Заңдарына сәйкес әзiрлендi әрi iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ ішкi істер органдары қызметкерлерiнiң және iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қатарынан шыққан зейнеткерлерге (бұдан әрi - құрам) медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды.
1-1. Қызметтік міндеттерін не қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің балаларында олар кәмелетке толғанға дейін ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.
<*>
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.13. N 724
қаулысымен
.
2. Құрамға медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң медицина ұйымдарында жүзеге асырылады.
Санаторлық-курорттық қызмет көрсету ішкі әскерлердiң мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерiне қолданылмайды.
3. Құрамға медициналық көмектi Қазақстан Республикасы Ішкi істер министрлiгiнiң медицина ұйымдары көрсетедi. Қызмет өткерiп жүрген жерде немесе тұратын жерiнде, немесе ведомстволық медицина ұйымдарында тиiстi бөлiмшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаған ретте, медициналық көмек азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органының аумақтық ұйымдарында кепiлдi медициналық көмек көлемi шегiнде тиiстi бюджеттер қаражаты есебiнен кедергiсiз әрi тегiн көрсетiледi.
4. Құрамға медициналық көрсетулер бойынша медициналық жәрдем, үйiнде тегiн кепiлдi медициналық көмек көлемi шегiнде көрсетiледi
P000135_
.
2. Медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыру
5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң медицина ұйымдары медициналық көмектiң: алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, медициналық-әлеуметтiк көмек және оңалту көмегi түрлерiн жүзеге асырады.
6. Құрам қатарынан сырқатты мамандандырылған стационарға, Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының қарамағындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарына тексеру және емдеу үшiн ауыстыру қажеттiгi туындаған жағдайда, мұндай ауыстыру заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
V980716_
(2 қосымшада 1 тараудың 88-тармағы).
Мұндай адамдарды шет елге тексеруге және емделуге жiберу заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Ішкi iстер органдарының қызметкерлерi мен iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қатарынан шыққан зейнеткерлерге стационарлық емдеу Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен, тегiн кепiлдi медициналық көмек көлемi шегiнде көрсетiледi
P000135_
.
Стационарларда дәрi-дәрмектiк көмек Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, өмiрлiк маңызы бар дәрі-дәрмектiк құралдар тiзімiне сәйкес жасалған дәрi-дәрмектiк формуляр бойынша тегiн көрсетiледi
V990989_
(2 қосымша).
8. Ішкi iстер органдарының денсаулық сақтау медицина ұйымдарында стационарлық емдеуде болатын iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне медициналық және дәрi-дәрмектiк көмек сырқатты емдеу үшiн қажеттi көлемде әрi құрамда көрсетiледi.
9. Астана және Алматы қалаларынан тысқары жерлерде тұратын құрам Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық медицина ұйымдарына консультация алуға және ауруханаға жатуға Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Медицина басқармасының жазбаша рұқсатымен жiберiледi.
Ішкi iстер органдары қызметкерлерiнiң және iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қатарынан науқастарды осы ұйымдарға консультация алуға және емделуге Астана, Алматы қалалары мен облыстар iшкi iстер басқармалары медицина қызметтерiнiң өтiнiмдерi бойынша жiберу құқығы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Медицина басқармасының бастығына берiледi.
Сырқаттарды Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң республикалық медицина ұйымдарына жiберу кезiнде Астана және Алматы қалалары, облыстар iшкi iстер басқармаларының медицина қызметтерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Медицина басқармасына ауру баянының немесе амбулаторлық картаның толық көшiрмесiн жiбередi.
10. Медициналық көмек алу үшiн құрамды тiркеу ресiмдеуiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң медицина ұйымдары ішкi істер органдарындағы кадр аппараттарының тiзiмi негiзiнде жүргiзедi. Әрбiр тiркелген адамға медициналық амбулаторлық карта ашылады, ол амбулаторлық-емханалық мекеменiң тiркеу бөлiмiнде сақталады.
3. Санаторлық-курорттық қызмет көрсету
11. Құрамға санаторлық-курорттық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
12. Санаторлық-курорттық емдеуге жолдама дәрiгердiң ұсынымдары ескерiле отырып, құрамның тiлегi бойынша берiледi.
Диспансерлiк бақылауда болатын құрам санаторлық-курорттық емдеуге емдеушi дәрiгердiң қорытындысы бойынша жiберiледi.
Санаторлық-курорттық емдеуге бұған дейiн емханалық госпитальдарда емделумен сабақтастықты қамтамасыз етедi.
13. Санаторлық-курорттық емделуге жiберу кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, белгiленген нысан бойынша медициналық құжаттама ресiмделедi.