1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті туралы (бұдан әрі - Комитет) ереже. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 868
қаулысымен. P020868_
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) <*>
2) облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Комитетті орналастыру үшін қажетті үй-жайлар бөлуді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 1)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 868
қаулысымен. P020868_
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Комитетті ұстауға 5 652 000 (бес миллион алты жүз елу екі мың) теңге бөлінсін.
5. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың тізбесіне Комитетті енгізуді көздесін.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі:
бір ай мерзімде Үкіметтің бұрын қабылдаған кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 P990173_ қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацы "Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет" деген сөздерден кейін ", Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет." деген сөздермен толықтырылсын. 2) <*> Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 39 қаулысымен. P020039_ 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы ұйымы, республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда, банкротқа ұшыраған жағдайларда уәкілетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімияттары белгілеген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес осы уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 868
қаулысымен. P020868_
4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте республика аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 44-үй.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі Комитеттің құрылтайшысы болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 P011508_ қаулысы және осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаттары болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
11. Егер Комитетке заңнамалық кесімдермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
12. Комитеттің негізгі міндеттері:
өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды ұйымдастыру мен өткізу;
әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау;
дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану жөніндегі іс-шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру болып табылады.
13. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес лицензия береді;
2) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді;
3) оңалту және конкурстық басқарушыларды тағайындайды;
4) дәрменсіз борышкердің банкроттық рәсімдерінде және оны таратудың соттан тыс рәсімінде, таратылатын банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының төрағаларын қоспағанда, оңалтуды және конкурстық басқарушылар қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) несиегерлер комитетінің құрамын қалыптастырады және дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде оның алғашқы отырысын шақырады;
6) несиегерлер комитетінің оңалту және конкурстық басқарушыларымен жасайтын келісімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарайды;
7) оңалту басқарушысының оңалту рәсімін өткізу барысы туралы есебін қарайды (жасалған мәмілелер туралы ақпарат сұратады);
8) оңалту рәсімдерін өткізу нәтижелері бойынша қорытынды береді;
9) конкурстық іс жүргізу кезінде несиегерлер комитетінің құрамын бекітеді;
10) несиегерлер талаптарының тізілімін бекітеді;
11) несиегерлер мен оңалту (конкурстық) басқарушылары арасындағы тізілімге несиегерлер талаптарын енгізу туралы келіспеушіліктерді қарайды;
12) сауықтыруға қатысушыдан растайтын құжаттар талап етуге құқылы;
13) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
14) конкурстық массаны сату жоспарын қарайды;
15) оңалту және конкурстық басқарушыларының банкроттық рәсімдерін өткізуі кезінде заңнама талаптарын бұзған жағдайда оларды шеттету туралы шешім қабылдайды;
16) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттық өткізу кезінде жариялықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
17) жалған және әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтайды;
18) оңалту және конкурстық басқарушыларының әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
19) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z970067_ 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдайды;
20) жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады. <*>
Ескерту. 20)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.26. N
833 қаулысымен. P020833_
14. Комитеттің заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай құқығы бар:
1) өз өкілеттігі шегінде нормативтік құқықтық кесімдер шығару;
2) оңалту және конкурстық басқарушысының банкроттық рәсімдерді өткізу кезінде заңнама талаптарын сақтауына тексеру жүргізу;
3) банкроттық рәсімдер өткізу мәселелері бойынша халықаралық конференцияларда және кеңестерде Қазақстан Республикасының атынан өкіл болу әрі олардың жұмысына қатысу;
4) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан ақпарат сұрату және алу;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдарға олар қабылдаған
банкроттық мәселелері бойынша заңнаманы бұзатын кесімдер күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу; 6) талап-арызбен сотқа жүгіну, олардың қаралуына қатысу, сондай-ақ үшінші тұлғалардың талап-арыздарын қолдау; 7) банкроттық рәсімдерін өткізу мәселелеріне арналған бюллетеньдер, әдістемелік құралдар, ақпараттық материалдар басып шығару; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру. 3. Комитет мүлкі 15. Комитеттің оралымды басқару құқығында оқшау мүлкі болады. Комитет мүлкі мемлекет берген мүліктен құралады әрі құны Комитет теңгерімінде көрсетілген негізгі қорлардан және айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады. 16. Комитет мүлкі республикалық меншікке жатады. 17. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өзінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Комитет билік ететін мүлік құнының шекті мөлшері осы мақсатта заңнамамен белгіленеді.
4. Комитет қызметін ұйымдастыру
18. Комитетті Төраға басқарады.
Төрағаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының екі орынбасары болады.
Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінің бастықтарын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі қызметке және қызметтен босатады.
19. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады әрі Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты болады.
20. Комитет Төрағасы:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және одан босатады; 3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитет құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; 6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қатынастарда Комитет атынан өкілдік етеді; 7) Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасасады; 8) заңнамаға сәйкес Комитет атынан талаптар және заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға кінәрат тағу мен талап-арыз ұсыну туралы шешім қабылдайды; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің құрылымы Басшылық Қаржы-экономика басқармасы Дәрменсіз борышкерлерді талдау және мониторинг басқармасы Банкроттық рәсімдер өткізуді бақылау жөніндегі басқарма Мамандар: Багарова Ж.А., Жұманазарова А.Б.