1. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" ашық акционерлiк қоғамы жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қаржылық берешектермен жұмыс жөніндегi орталық" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негізгі мәні салық берешегiнiң есебіне салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн, сондай-ақ жекелеген негiздемелер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi сатуға байланысты iс-шараларды жүргiзу болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiріс министрлiгi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсін және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 P011508_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiріс министрлігiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi туралы (бұдан әрi - Комитет) ереже бекiтілсiн."
2) 3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi туралы ережеде: 3-тармақтың төртiншi абзацындағы "табылмайтын" деген сөз "табылатын" деген сөзбен ауыстырылсын. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бiр ай мерзiмде Үкiметтiң бұрын қабылданған кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.