Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығын коммуналдық меншiкке беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 қараша N 1479

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Маңғыстау облысы әкiмiнiң Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығын республикалық меншiктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Маңғыстау облысының әкiмi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлімдегі:
      "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы - 20" деген жол алынып тасталсын.
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
      4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі