Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығын коммуналдық меншiкке беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 қараша N 1479

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Маңғыстау облысы әкiмiнiң Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығын республикалық меншiктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Маңғыстау облысының әкiмi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500 P990500_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң бағынысындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Тарихи-мәдени қорықтар" деген бөлiмдегi:
      реттiк нөмiрi 31-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық бюджеттiң қаражаты

есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы 
органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының 
лимиттерінде:
     "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім 
министрлігі" деген бөлімдегі:
     "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы - 20" деген жол алынып 
тасталсын.
     4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.