Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығын коммуналдық меншiкке беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1479 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Маңғыстау облысы әкiмiнiң Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығын республикалық меншiктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Маңғыстау облысының әкiмi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 
      3. <*>
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172   қаулысымен .
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .
      4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі