Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қараша N 1389

Жаңартылған

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына , "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi;
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. <*>
      3. <*>
      Ескерту. 2,3-тармақтар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.06.24. N 689  қаулысымен .

      4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күннен кейiн күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                       2001 жылғы 2 қарашадағы
                                          N 1389 қаулысымен
                                            бекітілген

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге қосымшада: 
      1-бағанда реттiк нөмiрi 1-жолдың 9-тармақшасындағы "жылжымайтын мүлiктi" деген сөздер "мүлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын. 
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 
      реттiк нөмiрi 17-жолдағы 3-бағанда "нотариалдық" деген сөзден кейiн "қызмет" деген сөзбен толықтырылсын; "және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету және жылжымайтын мүлiктi бағалау" деген сөздер алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-1-жолмен толықтырылсын: 
      "17-1. Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызметпен 
                Әдiлет министрлiгi байланысты емес 
              Тiркеу қызметi комитетi ақылы заң қызметiн 
                   көрсету, мүлiктi бағалау".
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.25.  N 773  қаулысымен.
      4. <*>
      5. <*>
       Ескерту. 4,5-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.

                                     Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінің
                                    2001 жылғы 2 қарашадағы
                                      N 1389 қаулысымен 
                                          бекітілген

Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берудiң тәртiбiн, лицензия алуға өтiнiш берушіге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi. 
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар: 
      Лицензиар - мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар берудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi. 
      Лицензиаттар - берiлген лицензияларға сәйкес мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. 
      Шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қойылатын шарттарда және тәртiппен лицензия алады. 
      Лицензия - мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаларға Лицензиар беретiн рұқсат. 
      3. Лицензиар Лицензиаттар туралы, сондай-ақ берiлген, тоқтатыла тұратын және қайтып алынған лицензиялар туралы мәлiметтер енгiзiлетiн Лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзедi. Тiзiлiм жүргiзудiң нысаны мен тәртiбiн Лицензиар белгiлейдi. 
      4. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қосымшасымен бірге берiледi.
      Лицензияға қосымшада бағалауды Лицензиат жүзеге асыруға құқылы мүліктердің түрлері көрсетiледi, атап айтқанда:
      1) мүлiктi бағалау (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе,
      2) зияткерлік меншiктi, материалдық емес активтердің құнын бағалау.
      Қосымшасында "мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда)" көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi (мүлік кешенi ретіндегi кәсiпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлiктi (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады.
      Қосымшасында "зияткерлік меншiкті, материалдық емес активтердiң құнын бағалау" көрсетілген лицензияның негiзiнде зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жүзеге асырылады.
      Қосымшасында 1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүлiктiң түрлерi көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi бағалау, жылжымалы мүлiкті бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы жарналарды, үлестердi (салымдарды) бағалау, зияткерлік меншiк объектілерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау, сондай-ақ мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорынды бағалау жүзеге асырылады.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      4-1. Мүлiктi бағалау жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қолданылуы шектеусiз мерзiмге берiледi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
       Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      5. Лицензия мен қосымшасының бланкілерi қатаң есептегі бланкілер болып табылады, олардың тiркеу нөмiрi болады.
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      6. Лицензиар лицензиялар мен қосымшалары бланкiлерiнiң есебiн алуды және сақтауды жүзеге асырады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.

2. Лицензия берудiң тәртiбi

      7. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ережеде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi. 
      8. Жеке адамдар лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттарды: 
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi; 
      2) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлегендiгi туралы түбiртектi және/немесе төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 
      3) нотариалды куәлендiрiлген еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе осы Ережемен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес еңбек өтілін растайтын өзге де құжатты; 
      4) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары берген дипломдардың нотариалды куәлендiрiлген көшiрмелерiн не Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде немесе халықаралық шарттарында (келiсiмдерде) көзделген тәртiппен және талапта шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасында танылған дипломдарының нотариалды куәлендiрiлген көшiрмелерiн; 
      5) жеке адамның бағалауды жүргiзуге қатысқанын не оны еңбек өтiлiнiң бір жылында кемiнде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды.
      Қосымшасында "зияткерлік меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау" көрсетiлген лицензияны алуға үміткер өтiнiш берушiлер үшiн бағалауды жүргiзуге қатысқанын не оны еңбек өтiлiнiң екі жылында кемiнде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды;
      6) тиiстi мамандандыру бойынша дайындықтан өткендiгiн растайтын құжаттардың нотариалды куәлендiрiлген көшiрмелерiн (егер олардың болуы бiлiктiлiк талаптарымен көзделсе) ұсынады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.  
      9. Заңды тұлғалар лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттарды: 
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi; 
      2) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлегендiгi туралы төлем тапсырмасының түбiртегiн және/немесе көшiрмесiн; 
      3) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiн. Шетелдiк заңды тұлға үшiн - шетелдiк заңды тұлғаның шетел мемлекетiнiң заңдарына сәйкес құрылған шетелдiк заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiн; 
      4) жарғының нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiн; 
      5) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы (-лары) бар жеке тұлғаның (-лардың) не жеке осы Ережемен ұсынылған бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiндердiң тiзiмiн жеке адамдар үшiн және олардың (оның) негiзiнде өтiнiш берушi заңды тұлғамен олар (ол) еңбек қатынастарында болатын құжаттардың көшірмесiн; 
      6) мүлiктi бағалау жөнiндегi лицензиясы жоқ жеке адамдардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын осы Ереженiң 8-тармағының 3)-6) тармақшаларында санамаланған құжаттарды ұсынады. 
      10. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың дұрыстығына заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады. 
      11. Лицензия алуға арналған қажеттi құжаттарды өтiнiш берушiнiң өзi немесе оның уәкiлеттi өкiлi сенiмхат бойынша не тапсырыс хатпен ұсынады. 
      12. Осы Ережеде көрсетiлген мүлiктiң түрлерi бойынша қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн Лицензиаттарға мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берiледі.
       Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.  
      12-1. Мүлiкті бағалауға лицензиясы бар адамдар лицензияға қосымшаға толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшпен жүгіне алады.
      Жеке тұлғалар лицензияға қосымшаға толықтырулар енгізу туралы өтiнiшке осы Ереженiң 8-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бередi, заңды тұлғалар осы Ереженiң 9-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бередi.
      Лицензияға бұрын берiлген қосымша қайтарылуы тиiс.
      Лицензияға қосымшаға толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш лицензия беру үшiн белгіленген мерзiмдерде қаралады.
       Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      13. Лицензияны беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешiм - бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - Лицензиардың бұйрығымен ресiмделетiн, өтiнiштiң берiлген күнiнен бастап он күндiк мерзiмнен кешіктiрiлмей қабылданады. 
      14. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы  Z952200_  Заңының 19-бабында көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. 
      Лицензия беруден бас тартқан кезде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде бас тарту себептерi көрсетiле отырып өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап (жiберiледi) тапсырылады. 
      Бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады. 
      15. Лицензиялар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресiмделедi. Берiлген тiркеу нөмiрi бар лицензия өтiнiш берушiге немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттiк берiлген өкiлге қол қоюмен берiледi не тапсырыс хатпен жiберiледi. 
      16. Жеке адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда Лицензиат көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бiр айлық мерзiмде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi беруге мiндеттi. 
      17. Лицензияны қайта ресiмдеу Лицензиат өтiнiш берген күннен бастап 10 күннiң iшiнде жүзеге асырылады және оны алу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Лицензиар лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде Тiзiлiмге тиiстi мәлiметтердi енгiзедi. 
      Лицензияның қайта ресiмделгенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамаларымен белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады. 
      18. Лицензиаттың лицензияны жоғалтып алған кезде оның телнұсқасын алуға құқығы бар. 
      Лицензиар Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телнұсқасын берудi 10 күннiң iшiнде жүргiзедi. Бұл ретте Лицензиат мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлейдi. 

  3. Жеке және заңды тұлғаларға қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      19. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия осы Ережемен ұсынылған талаптарға бiлiктiлiк деңгейi сәйкес келетiн өтiнiш берушiге берiледi. 
      20. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн жеке адамдарға: 
      1) "Бағалау" мамандығы бойынша жоғары білiмiнiң, мамандығы бойынша 1 жылдық жұмыс тәжiрибесінiң болуы немесе,
      2) жоғары экономикалық және/немесе техникалық және/немесе заңгерлiк бiлiмiнiң, мүлiктi бағалау саласында 2 жылдық жұмыс тәжiрибесiнiң болуы, сондай-ақ өтінiш берушi жүзеге асыруға үмiттенiп отырған мүлiктi бағалаудың сол түрлерi бойынша арнайы дайындықтан өтуi бiлiктiлiк талаптары қойылады.
      3)  (алынып тасталды)
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.  
      21.  (алынып тасталды)
      Ескерту. 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.  
      22. Заңды тұлға оның штатында мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар не мүлiктi бағалауға лицензия алу үшiн бiлiктілiк талаптарына жауап беретiн, осы заңды тұлға оның негiзгi жұмыс орны болып табылатын кемiнде бiр қызметкерi болған кезде мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға лицензия ала алады.
      Заңды тұлғаға берiлетiн лицензияға заңды тұлғаның атынан тиiстi мамандандырулар бойынша мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар жеке адамдардың тiзiмi қоса берiледi.
      Лицензиат көрсетiлген тiзiмдегi адамдардың құрамы өзгерген кезде бiр ай мерзiмде Лицензиарға куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа тiзiм ұсынады (жiбередi).
      Жаңа жеке адамды тiзiмге енгiзген жағдайда Лицензиат сол адамның осы Ережемен ұсынылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
      Тiзiмде көрсетiлген адамдардың құрамы өзгерген кезде Лицензиат Лицензиарға заңды тұлғаның атынан мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың бұрын берiлген тiзiмiнiң түпнұсқасын қайтаруы тиіс.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
       22-1. Заңды тұлғаның филиалы (өкiлдігі) ашылған жағдайда Лицензиат бір айдың iшiнде бұл туралы филиалдың мүлiктi бағалау жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын қызметкерлерiн көрсете отырып Лицензиарға хабарлайды.
      Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.

4. Лицензиаттардың құқықтары мен мiндеттерi

      23. Лицензиаттардың:
      1) лицензияның күшiн тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесi бойынша барлық материалдармен танысуға;
      2) Лицензиардың заңсыз әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқығы бар.
      Лицензиаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген басқа да құқықтары бар.
      24. Лицензиаттар:
      1) лицензияның жоғалғаны туралы хабарлауға;
      2) көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен бiрге Лицензиаттың мекен жайының өзгергені туралы Лицензиарға бiр айлық мерзiмде хабарлауға;
      3) лицензияланатын қызметтiң тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған кезде Лицензиарға лицензияны қайтаруға мiндеттi.
       Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      25. Лицензиаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүлiктi бағалау жөнiндегi өздерiнiң қызметiн жүзеге асыруға жауапты болады.

5. Лицензиаттың мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруын бақылау

      26. Лицензиаттың мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметiне бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
      27. Лицензиардың:
      1) Лицензиат қызметiнiң Қазақстан Республикасының бағалау қызметiн реттейтiн заңнамасына сәйкестiгiне тексеру жүргiзуге; 
      2) заңнаманың нақты бұзылуын және нақты мерзiмде жою жөнiндегi ұсыныстарды көрсете отырып, тексерулердiң нәтижелерi негiзiнде актiлер (хаттамалар) жасауға; 
      3) анықталған бұзушылықты жоюға Лицензиатты мiндеттейтiн шешiм шығаруға;
      4) өз құзыреті шегiнде Лицензиаттан ақпарат сұратуға құқығы бар.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.  
      28. Лицензиар тоқтатылу себептерiн көрсете отырып, лицензияның күшін алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқықты. 
      29. Мыналар Лицензияның күшiн тоқтатуға: 
      1) Лицензиаттың лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзуын, сондай-ақ оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiгiн Лицензиардың анықтауы; 
      2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы Лицензиардың заңды талаптарын (шешiмдерiн) Лицензиаттың орындамауы негiз болып табылады. 
      30. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi лицензияларының күшiн тоқтатуды Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi. 
      31. Лицензияның күшiн тоқтату оны тоқтатуға негiз болып табылатын бұзушылықтар жойылғанға дейiн бағалау қызметiн жүзеге асыруға тиым салуға әкеп соғады. 
      32. Оның тоқтатылу себептерi жойылғаннан және Лицензиар тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн Лицензиаттың өтiнiшi бойынша лицензия жаңғыртылған болып саналады, ол туралы Лицензиатқа үш күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей хабардар етiледi. 
      33. Лицензияны тоқтату туралы шешiм Лицензиардың бұйрығымен ресiмделедi және Лицензиатқа тапсырылады (жiберiледi). 
      34. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда: 
      1) Лицензияда айтылған талаптарды Лицензиат орындамағанда; 
      2) Лицензиаттың жүзеге асыруға лицензиясы бар қызметтiң белгiлі бiр түрiмен айналысуына Лицензиатқа сот тиым салғанда; 
      3) Лицензиар лицензияның күшiн тоқтатқан себептерi жойылмағанда; 
      4) лицензияны алу кезiнде Лицензиаттың көрiнеу жалған ақпарат бергенiнде сот тәртiбiмен қайтып алынуы мүмкiн. 

                                                           1-қосымша

 
                   Қазақстан Республикасының елтаңбасы

                          МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ

       Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.  

                                                     2-қосымша      

                  Қазақстан Республикасының елтаңбасы
                          МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ

       Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.  

                                                   3-қосымша

                   Қазақстан Республикасының елтаңбасы
                         БАС МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ

       Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.09.  N 821  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.