Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қараша N 1389

Жаңартылған

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына , "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi;
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. <*>
      3. <*>
      Ескерту. 2,3-тармақтар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.06.24. N 689  қаулысымен .

      4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күннен кейiн күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                       2001 жылғы 2 қарашадағы
                                          N 1389 қаулысымен
                                            бекітілген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге қосымшада: 
      1-бағанда реттiк нөмiрi 1-жолдың 9-тармақшасындағы "жылжымайтын мүлiктi" деген сөздер "мүлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын. 
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 
      реттiк нөмiрi 17-жолдағы 3-бағанда "нотариалдық" деген сөзден кейiн "қызмет" деген сөзбен толықтырылсын; "және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету және жылжымайтын мүлiктi бағалау" деген сөздер алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-1-жолмен толықтырылсын: 
      "17-1. Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызметпен 
                Әдiлет министрлiгi байланысты емес 
              Тiркеу қызметi комитетi ақылы заң қызметiн 
                   көрсету, мүлiктi бағалау".
      3. "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi, жылжымайтын мүлiктi бағалауды лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат): 
      атауындағы ", жылжымайтын мүлiктi бағалауды" деген сөздер алынып тасталсын; 
      1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын; 
      3-тармақтың төртiншi және бесiншi абзацтары алынып тасталсын; 
      6-тармақтағы "жылжымайтын мүлiктi" деген сөздер "мүлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеде: 
      1-тармақтағы "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      4. <*>
      5. <*>
       Ескерту. 4,5-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.

                                     Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінің
                                    2001 жылғы 2 қарашадағы
                                      N 1389 қаулысымен 
                                          бекітілген

Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берудiң тәртiбiн, лицензия алуға өтiнiш берушіге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi. 
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар: 
      Лицензиар - мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар берудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi. 
      Лицензиаттар - берiлген лицензияларға сәйкес мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. 
      Шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қойылатын шарттарда және тәртiппен лицензия алады. 
      Лицензия - мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаларға Лицензиар беретiн рұқсат. 
      3. Лицензиар Лицензиаттар туралы, сондай-ақ берiлген, тоқтатыла тұратын және қайтып алынған лицензиялар туралы мәлiметтер енгiзiлетiн Лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзедi. Тiзiлiм жүргiзудiң нысаны мен тәртiбiн Лицензиар белгiлейдi. 
      4. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ережеге 1, 2-қосымшаларға сай нысандар бойынша мынадай:
      жылжымайтын мүлiктi бағалау (мүлiк кешендерi ретiндегi кәсiпорындарды қоспағанда);
      жылжымалы мүлiктi бағалау (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда);
      интеллектуалды меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау;
      мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорынды бағалау мамандандырулары бойынша берiледi.
      Лицензия оның қолданылуы шектеусiз мерзiмге берiледi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
      Осы Ережелермен көзделген барлық мамандандырулар бойынша мүлiктi бағалау қызметiн жүзеге асыру құқығын беретiн лицензия бас лицензия болып табылады.
      5. Лицензия бланкiсi тiркеу нөмiрi бар қатаң есептегi бланкi болып табылады.
      6. Лицензиар лицензиялар бланкiлерiнiң есебiн алуды және сақтауды жүзеге асырады.

2. Лицензия берудiң тәртiбi

      7. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ережеде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi. 
      8. Жеке адамдар лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттарды: 
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi; 
      2) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлегендiгi туралы түбiртектi және/немесе төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 
      3) нотариалды куәлендiрiлген еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе осы Ережемен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес еңбек өтілін растайтын өзге де құжатты; 
      4) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары берген дипломдардың нотариалды куәлендiрiлген көшiрмелерiн не Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде немесе халықаралық шарттарында (келiсiмдерде) көзделген тәртiппен және талапта шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасында танылған дипломдарының нотариалды куәлендiрiлген көшiрмелерiн; 
      5) жеке адамның бағалауды жүргiзуге қатысқанын не оны еңбек өтілінің әр жылында кемiнде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды (жылжымайтын мүлiктi техникалық түгендеу (техникалық зерттеу) жөнiндегi жұмыс тәжiрибесi бар адамдардан басқа); 
      6) тиiстi мамандандыру бойынша дайындықтан өткендiгiн растайтын құжаттардың нотариалды куәлендiрiлген көшiрмелерiн (егер олардың болуы бiлiктiлiк талаптарымен көзделсе) ұсынады. 
      9. Заңды тұлғалар лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттарды: 
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi; 
      2) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлегендiгi туралы төлем тапсырмасының түбiртегiн және/немесе көшiрмесiн; 
      3) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiн. Шетелдiк заңды тұлға үшiн - шетелдiк заңды тұлғаның шетел мемлекетiнiң заңдарына сәйкес құрылған шетелдiк заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiн; 
      4) жарғының нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiн; 
      5) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы (-лары) бар жеке тұлғаның (-лардың) не жеке осы Ережемен ұсынылған бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiндердiң тiзiмiн жеке адамдар үшiн және олардың (оның) негiзiнде өтiнiш берушi заңды тұлғамен олар (ол) еңбек қатынастарында болатын құжаттардың көшірмесiн; 
      6) мүлiктi бағалау жөнiндегi лицензиясы жоқ жеке адамдардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын осы Ереженiң 8-тармағының 3)-6) тармақшаларында санамаланған құжаттарды ұсынады. 
      10. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың дұрыстығына заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады. 
      11. Лицензия алуға арналған қажеттi құжаттарды өтiнiш берушiнiң өзi немесе оның уәкiлеттi өкiлi сенiмхат бойынша не тапсырыс хатпен ұсынады. 
      12. Осы ережеде көрсетiлген барлық мамандандырулар бойынша бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн лицензиаттарға осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына бас лицензия берiледi. 
      13. Лицензияны беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешiм - бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - Лицензиардың бұйрығымен ресiмделетiн, өтiнiштiң берiлген күнiнен бастап он күндiк мерзiмнен кешіктiрiлмей қабылданады. 
      14. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы  Z952200_  Заңының 19-бабында көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. 
      Лицензия беруден бас тартқан кезде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде бас тарту себептерi көрсетiле отырып өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап (жiберiледi) тапсырылады. 
      Бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады. 
      15. Лицензиялар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресiмделедi. Берiлген тiркеу нөмiрi бар лицензия өтiнiш берушiге немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттiк берiлген өкiлге қол қоюмен берiледi не тапсырыс хатпен жiберiледi. 
      16. Жеке адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда Лицензиат көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бiр айлық мерзiмде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi беруге мiндеттi. 
      17. Лицензияны қайта ресiмдеу Лицензиат өтiнiш берген күннен бастап 10 күннiң iшiнде жүзеге асырылады және оны алу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Лицензиар лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде Тiзiлiмге тиiстi мәлiметтердi енгiзедi. 
      Лицензияның қайта ресiмделгенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамаларымен белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады. 
      18. Лицензиаттың лицензияны жоғалтып алған кезде оның телнұсқасын алуға құқығы бар. 
      Лицензиар Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телнұсқасын берудi 10 күннiң iшiнде жүргiзедi. Бұл ретте Лицензиат мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлейдi. 

  3. Жеке және заңды тұлғаларға қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      19. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия осы Ережемен ұсынылған талаптарға бiлiктiлiк деңгейi сәйкес келетiн өтiнiш берушiге берiледi. 
      20. Тиiстi мамандандырулар бойынша мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн жеке адамдарға: 
      1) мамандандыру бойынша жоғары бiлiмнiң болуы, мамандандыру бойынша 1 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы немесе, 
      2) жоғары техникалық немесе экономикалық бiлiмiнiң, мамандандыру бойынша 2 жылдық жұмыс тәжiрибесiнiң немесе жылжымайтын мүлiктi техникалық түгендеу (техникалық тексеру) жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiнiң болуы немесе, 
      3) өзге де жоғары бiлiмiнiң және мамандандыру бойынша 2 жылдық жұмыс тәжiрибесiнiң немесе жылжымайтын мүліктi техникалық түгендеу (техникалық тексеру) жөнiндегi 2 жылдық жұмыс тәжiрибесiнiң болуы, сондай-ақ мамандандыру бойынша дайындықтан өтуi бiлiктiлiк талаптары қойылады. 
      Ескерту: жылжымайтын мүліктi техникалық түгендеу (техникалық тексеру) 
      жөнiндегi 2 жылдық жұмыс тәжiрибесінің болуы "жылжымайтын мүлiктi 
      бағалау (мүлiк кешендерi ретiндегi кәсiпорындарды қоспағанда)" 
      мамандандыруы бойынша мүліктi бағалауға лицензия алу үшiн қажет. 
      21. Жеке адамдардың лицензия алуы үшiн Қазақстан Республикасының аумағында мүлiктi бағалау жөнiндегi талап етiлетiн жұмыс тәжiрибесiнiң болуы қажет. 
      22. Заңды тұлғаның тиiстi мамандандырулар бойынша мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға оның құрамында осы мамандандырулар бойынша мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке адамдар, не жеке адамдар үшiн осы Ережемен ұсынылатын тиiстi мамандандырулар бойынша мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн адамдар болған кезде құқықты.
      Заңды тұлғаға берiлетiн лицензияға заңды тұлғаның атынан тиiстi мамандандырулар бойынша мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар жеке адамдардың тiзiмi қоса берiледi.
      Лицензиат көрсетiлген тiзiмдегi адамдардың құрамы өзгерген кезде Лицензиарға жаңа тiзiм ұсынады (жiбередi).
      Жаңа жеке адамды тiзiмге енгiзген жағдайда Лицензиат сол адамның осы Ережемен ұсынылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.

4. Лицензиаттардың құқықтары мен мiндеттерi

      23. Лицензиаттардың:
      1) лицензияның күшiн тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесi бойынша барлық материалдармен танысуға;
      2) Лицензиардың заңсыз әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқығы бар.
      Лицензиаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген басқа да құқықтары бар.
      24. Лицензиаттар:
      1) лицензияның жоғалғаны туралы хабарлауға;
      2) көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен бiрге жеке адам болып табылатын Лицензиаттың мекен жайының өзгергені туралы Лицензиарға бiр айлық мерзiмде хабарлауға;
      3) лицензияланатын қызметтiң тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған кезде Лицензиарға лицензияны қайтаруға мiндеттi.
      25. Лицензиаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүлiктi бағалау жөнiндегi өздерiнiң қызметiн жүзеге асыруға жауапты болады.

5. Лицензиаттың мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруын бақылау

      26. Лицензиаттың мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметiне бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
      27. Лицензиардың:
      1) Лицензиат қызметiнiң Қазақстан Республикасының бағалау қызметiн реттейтiн заңнамасына сәйкестiгiне тексеру жүргiзуге; 
      2) заңнаманың нақты бұзылуын және нақты мерзiмде жою жөнiндегi ұсыныстарды көрсете отырып, тексерулердiң нәтижелерi негiзiнде актiлер (хаттамалар) жасауға; 
      3) анықталған бұзушылықты жоюға Лицензиатты мiндеттейтiн шешiм шығаруға құқығы бар. 
      28. Лицензиар тоқтатылу себептерiн көрсете отырып, лицензияның күшін алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқықты. 
      29. Мыналар Лицензияның күшiн тоқтатуға: 
      1) Лицензиаттың лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзуын, сондай-ақ оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiгiн Лицензиардың анықтауы; 
      2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы Лицензиардың заңды талаптарын (шешiмдерiн) Лицензиаттың орындамауы негiз болып табылады. 
      30. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi лицензияларының күшiн тоқтатуды Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi. 
      31. Лицензияның күшiн тоқтату оны тоқтатуға негiз болып табылатын бұзушылықтар жойылғанға дейiн бағалау қызметiн жүзеге асыруға тиым салуға әкеп соғады. 
      32. Оның тоқтатылу себептерi жойылғаннан және Лицензиар тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн Лицензиаттың өтiнiшi бойынша лицензия жаңғыртылған болып саналады, ол туралы Лицензиатқа үш күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей хабардар етiледi. 
      33. Лицензияны тоқтату туралы шешiм Лицензиардың бұйрығымен ресiмделедi және Лицензиатқа тапсырылады (жiберiледi). 
      34. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда: 
      1) Лицензияда айтылған талаптарды Лицензиат орындамағанда; 
      2) Лицензиаттың жүзеге асыруға лицензиясы бар қызметтiң белгiлі бiр түрiмен айналысуына Лицензиатқа сот тиым салғанда; 
      3) Лицензиар лицензияның күшiн тоқтатқан себептерi жойылмағанда; 
      4) лицензияны алу кезiнде Лицензиаттың көрiнеу жалған ақпарат бергенiнде сот тәртiбiмен қайтып алынуы мүмкiн. 

                                                           1-қосымша

 
                   Қазақстан Республикасының елтаңбасы

                          МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ

__________________________________________________________________
                     заңды тұлғаның толық атауы
__________________________________________________________________
                      заңды тұлғаның мекен-жайы

мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысуға берiлдi

     және ол келесi мамандандырулар бойынша қызметтi
            жүзеге асыру құқығын бередi:

     1. _____________________
     2. _____________________ 
     3. _____________________
     4. _____________________
Лицензия әрекетiнiң айрықша шарттары
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
("Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес)
__________________________________________________________________
Лицензияны берген орган
________________________________________________
       (лицензиялау органының толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi адам)
_________________________________________________
             (лицензияны берген орган басшысының
__________________________________________________________________
                (уәкiлеттi адамның) тегi және аты-жөнi)

Тiркеу N _______________________

Берiлген күнi 20__ жылғы "___"_______________

_______________ қаласы

                                                     2-қосымша      

                  Қазақстан Республикасының елтаңбасы
                          МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ

__________________________________________________________________
            (жеке адамның толық аты-жөнi және туған жылы)
__________________________________________________________________

мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысуға берiлдiжәне ол мынадай мамандандырулар бойынша қызметтi
     жүзеге асыру құқығын бередi:
     1. ________________________
     2. ________________________
     3. ________________________
     4. ________________________
Лицензия әрекетiнiң айрықша шарттары
__________________________________________________________________
("Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес)
__________________________________________________________________
Лицензияны берген орган
________________________________________________
       (лицензиялау органының толық атауы)
__________________________________________________________________
Басшы (уәкiлеттi адам)
_________________________________________________
          (лицензия берген орган басшысының
__________________________________________________________________
                  (уәкiлеттi адамның) тегi, аты-жөнi)
Тiркеу N _____________________

Берiлген күнi 20___ жылғы "___"__________________

_______________ қаласы

                                                    3-қосымша

                   Қазақстан Республикасының елтаңбасы
                         БАС МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ

__________________________________________________________________
          (жеке адамның тегi, толық аты-жөнi, туған жылы;
__________________________________________________________________
                      заңды тұлғаның толық атауы
__________________________________________________________________
                     заңды тұлғаның мекен-жайы)

мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметпен айналысуға берiлдi
Лицензия әрекетiнiң айрықша шарттары
___________________________________
__________________________________________________________________
("Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес)
Лицензияны берген орган
________________________________________________
         (лицензиялау органының толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi адам)
_________________________________________________
         (лицензиялау органы басшысының
__________________________________________________________________
                    (уәкiлеттi адамның) аты-жөнi)

Тiркеу N ________________________

Берiлген күнi 20___ жылғы "___"______________

____________ қаласы