Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 821 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.25. 419 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 466 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 941  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтағы "қабылданған" деген сөз "қолданысқа енгізілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "күшіне енеді" деген сөздер "қолданысқа енгізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы