Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 қазан N 1380

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 17 тамыздағы N 1272 P001272_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламаның iске асырылуын қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгiне жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге оның орындалу барысы

туралы ақпарат ұсынсын.
     3. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi 
агенттiгi жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шiлдеге Қазақстан Республикасының 
Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 
жариялануға тиiс.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
                                         Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                              2001 жылғы 30 қазандағы
                                                  N 1380 қаулысымен
                                                      бекітілген
     
                   Қазақстан Республикасы демографиялық
                   дамуының 2001-2005 жылдарға арналған
                               бағдарламасы
     
     
                          Бағдарламаның паспорты
Атауы                  - Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының
                         2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн           - "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк демографиялық
негiз                    саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан
                         Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 тамыздағы
                         N 1272  

P001272_

  қаулысы
Негiзгi                - Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография
әзiрлеушiлер             жөнiндегi агенттігi
Мақсаты                - Қазақстан Республикасының демографиялық 
                         процестерiндегі келеңсiз үрдiстердi еңсеру үшiн   
                         кешендi шешiмдердi әзiрлеу мен iске асыру және    
                         осы негiзде халық санының өсуiне қол жеткiзу
Мiндеттерi             - Бала тууды тұрақтандыру және тууды өсiру; халықтың
                         өлiмiн азайту, денсаулық жағдайын жақсарту; отбасы
                         институтын нығайту; көшi-қонның терiс сальдосын
                         азайту; халықтың өмiр сүру сапасын арттыру
Қаржыландыру           - Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету жыл сайын
көздерi                  әлеуметтiк салаға арнап көзделетiн бюджет қаржысы
                         есебiнен және Қазақстан Республикасының           
                         заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де             
                         қаржыландыру көздерiнен жүзеге асырылатын болады
Күтiлетiн              - Бағдарламаны iске асыру 2006 жылға қарай бала туу 
нәтижелер                деңгейiнiң тұрақтануы мен бiршама өсуiне, өлiм    
                         деңгейiнiң азаюы мен халық өмiрiнiң күтiлген      
                         ұзақтығының өсуiне, көшi-қонның терiс сальдосының 
                         азаюына қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi. 2001-    
                         2005 жылдар iшiнде халық санының тұрақты өсуiне   
                         алғышарттар жасалатын болады.
                               Кiрiспе


      Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 тамыздағы N 1272 қаулысына сәйкес әзiрлендi және 5 жылға есептелген.
      Осы Бағдарламаны әзiрлеу халықтың сандық та, сапалық та дамуына жағдай жасау үшiн, тұтас алғанда, мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының және қоғамның нысаналы, дәйектi қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi бiрыңғай стратегия әзiрлеу қажеттiгiнен туып отыр.
      Бағдарламада Қазақстанның демографиялық дамуының мақсаттары мен мiндеттерi айқындалған, сондай-ақ оларды iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi белгiленген.
      Бағдарлама ел халқының табиғи және ырықсыз қозғалысындағы негiзгi процестердi: өсiп-өнетiн денсаулық жағдайын жақсарту және бала тууды ынталандыру жөнiнде шаралар қабылдау жолымен бала тууды, өлiмдi және көшi-қонды реттеуге, халықтың өлiмiн азайтуға, көшi-қонды реттеуге бағытталған.
      Демографиялық дамуда оң параметрлерге қол жеткiзу мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнде неғұрлым маңызды аспектiлердiң бiрi болып табылады, өйткенi бұл елiмiздiң қорғаныс қабiлетiн және оның егемендiгiн қамтамасыз етуге, экономиканың одан әрi өсуi үшiн әлеует жасауға жәрдемдеседi. Қоғамның демографиялық дамуын мемлекеттiк реттеу қажеттiгi осыдан туындап отыр. Елiмiздiң халқын сандық та, сапалық та ұдайы өсiру рөлi мемлекеттiк мүдделер сатысында оның басты орында екендiгiнен туындайды.
      Мемлекеттiк демографиялық саясат "Қазақстан - 2030" K972030_ Стратегиясында көзделген халықтың әл-ауқаты мәселелерiмен өзара тығыз байланыста. Стратегияның "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, бiлiм алуы және игiлiгi" деген төртiншi басымдығын iске асыру мақсатында бiрқатар бағдарламалар: "Халық денсаулығы" U984153_ мемлекеттiк бағдарламасы, "Бiлiм" U000448_ мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасында Дене тәрбиесi мен спортты дамытудың U010570_ мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001- 2002 жылдарға арналған мемлекеттiк U010597_ бағдарламасы, Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000-2002 жылдарға арналған P000833_ бағдарлама, "Қазақстан жастары" P010249_ бағдарламасы, Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға арналған P010630_ бағдарламасы, Қазақстан Республикасында травматизмнiң профилактикасы мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған нысаналы кешендi P001020_ бағдарламасы, Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтiк қорғау P010886_ тұжырымдамасы, Әйелдердiң жағдайын жақсарту, Р990999_ P000878_ қоршаған ортаны қорғау және басқалар жөнiндегi iс-қимылдың ұлттық жоспарлары қабылданып, қазiр iске асырылып жатыр.
      Осы Бағдарлама белсендi демографиялық саясатты жүргiзу үшiн базалық негiз жасауға тиiс.

              1. Қазiргi демографиялық ахуалға талдау жасау

      Қазақстанда соңғы жылдардағы демографиялық ахуал республикада бала туудың азаюы, өлiм деңгейiнiң жоғарылығы және халықтың көшi-қонының едәуiр ұлғаюының салдарынан қолайсыз деп бағаланып отыр.
      Қазақстан Республикасы халқының саны 2001 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң алдын ала деректерi бойынша 14841,9 мың адам болды. Республикада 16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халық саны 1584,6 мың адамға немесе 9,6 пайызға азайды.
      1999 жылы бала туу 1000 адамға 14,2 баладан келiп, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы iшiнде ең төменгі коэффициент белгiлендi, бұл республикада бала туудың ең шырқау шыңы белгiленген 1987 жылғы деңгейдiң 55,3 пайызы болды. 2000 жылы бала туу деңгейi өстi, бала туу коэффициентi - 1000 адамға 14,69 баладан келдi.
      Профилактикалық медицина академиясы мен Макро Интернэшнл Инк 1999 жылы Қазақстанда жүргізген медициналық-демографиялық зерттеуi 1989 жылдан бергi кезең iшiнде бала туу жиынтық коэффициентi (БТЖК) қазақ әйелдерi арасында 3,6-дан 2,5-ке дейiн, орыс әйелдерi арасында 2,2-ден 1,4-ке дейiн төмендегенiн, ал Қазақстан бойынша жалпы БТЖК 2,9-дан 2,1-ге дейiн азайғанын көрсеттi. Осы орайда ауылдық жерлерде және қалада тұратын әйелдер арасындағы бiр әйелге шаққандағы бала туу санының арақатынасы, іс жүзiнде өзгерiссiз қалып отыр. Ауылдық жердегi әйелдердiң БТЖК iс жүзiнде екi есе жоғары.
      Бұл Қазақстанның демографиялық дамуына нақ ауылдық жерлерде тұратын әйелдер неғұрлым елеулi үлес қоса алатындығын, сондай-ақ экономикалық шектеулiлiк жағдайында халықтың осы тобына елеулi мемлекеттiк және қоғамдық қолдау көрсетiлуi қажеттiгiн аңғартады.
      Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында басталған бала туу деңгейiнiң төмендеуi өтпелi кезеңнiң залалдарынан туындап отыр.
      Халықтың өсiп-өну денсаулығының көрсеткiшi төмендеуде: аборт гинекологиялық аурулардың жиiлiгiн ұлғайтады, бала көтермейтiн халге келтiредi, перинатальдық ауруларды көбейтедi, анемия денсаулық сақтаудың ең басты проблемаларының бiрi болып қалып отыр, еркектердiң өсiп-өну жүйесi ауруларының саны көбеюi байқалады.
      Халық арасында өлiм деңгейi жоғары болып қалып отыр. Өлiм коэффициентi 2000 жылы - 1000 адамға 10,1 адамнан келдi, бұл 1990 жылғы деңгейден 27,8 пайыз жоғары.
      Әлi күнге дейiн сәбилер өлiмi мен аналар өлiмiнiң деңгейi, сондай-ақ еркектер өлiмiнiң деңгейi жоғары болып қалып отыр.
      Халықтың өмiр сүруiнiң орташа ұзақтығы төмен деңгейде қалып отыр. 1999 жылы оның деңгейi 65,5 жас, ал еркектерде небары 60,3 жас болды.
      Өлiм деңгейiне және өмiр сүрудiң күтiлген ұзақтығының қысқаруына қолайсыз экологиялық жағдай, ауызсудың тапшылығы және оның сапасы (Қазақстан халқының төрттен бiрi дерлiк осы проблемамен бетпе-бет келуде), теңдестiрiлмеген және жеткiлiксiз тамақ, санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталмауы, уақтылы және толымды медициналық емдеуге қол жеткiзудiң шектеулiлiгi елеулi әсер етедi.
      Тиiсiнше осы жылдар iшiнде халықтың табиғи өсiмiнiң коэффициентi айтарлықтай төмендедi және 2000 жылы 1000 адамға 4,6-дан келдi.
      Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында халықтың табиғи кемуi байқалады. Мұндай үрдiс сақталған жағдайда, таяу болашақта тұтас елiмiз бойынша халық депопуляцияға ұшырауы мүмкін.
      Демографиялық процестердi дамытуда сыртқы және iшкi көшi-қон шешушi рөл атқарады. Көшi-қон қозғалысы шырқау шыңына 1994 жылы жеткенi белгiлi, сол жылы республикадан 480,8 мың адам кетiп, 70,4 мың ғана адам келген болатын. 1995 жылдан бастап халықтың көшi-қон белсендiлiгі бәсеңдей бастап, 1997 жылдың өзiнде көшi-қон сальдосы - 261,4 мың адам болды және бұл көрсеткiш 2000 жылы 123,2 мың адамға тең болды.
      Халықтың көшiп кетуi, бiрiншiден, халықтың жалпы санын азайтады, екiншiден, еңбек және генеративтiк әлеуеттi төмендетедi, өйткенi көшiп кетушiлердiң үштен екiсi еңбекке қабiлеттi жастағы адамдар.
      Iшкi көшi-қонның жандануы жүрiп жатыр. Халықтың, әсiресе жастардың қалаларға қоныс аударуы олардың өсiп-өну бағдарының өзгеруiне ықпал ететiн болады.
      Республикада тұратын қазақтардың саны 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8154,4 мың адам немесе республика халқының жалпы санының 54,9 пайызы болды. Республикада 4280,1 мың немесе 28,8 пайыз орыс тұрады.
      Өткен санақпен (1989 жыл) салыстырғанда қазақтардың, ұйғырлардың, дүнгендердiң, өзбектердiң саны өстi. Немiстердiң саны 3 есе дерлiк азайды. Орыстардың, украиндардың, татарлардың және басқа да ұлттардың саны азайды.
      Халықтың этникалық құрамындағы өзгерiске оның ұлтына қарай табиғи қозғалысындағы айырмашылық та, репатрианттардың (оралмандардың) көшiп келуi де, басқа ұлттардың өзiнiң тарихи отанына көшiп кетуi де себепшi болды.
      Жалпы алғанда, халық санының азаюы табиғи өсiмнiң мардымсыздығынан және халық көшi-қонының терiс сальдосынан болып отыр.
      Тек белсендi ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргiзiп қана қоюмен шектелмей, ресурстарды, қаржы ресурсын қоса, жұмылдырып, пәрмендi шара қолдану саналы қабылданған қажеттілiк болып табылады. Қазiргi заманғы демографиялық ахуалды айқындайтын басты факторлар бала туу және өмiр сүрудiң күтілетін ұзақтығын ұлғайту, өлiмдi азайту және көшi-қонның терiс сальдосын азайту болып табылады.

                 2. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты демографиялық процестердегi келеңсiз үрдістердi

еңсеру үшiн кешендi шешiмдердi әзiрлеу мен іске асыру және осы негiзде 
халық санының өсуiне қол жеткiзу болып табылады.
     Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
     1) бала тууды тұрақтандыру және оның ұзақ мерзiмдiк болашақта 
халықтың ұдайы көбеюiн кеңiнен қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн өсуi;
     2) өлiмдi азайту, халықтың өмiр сүруiнiң орташа ұзақтығын ұлғайту, 
халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
     3) отбасы институтын нығайту;
     4) көшi-қонның терiс сальдосын азайту;
     5) халық тұрмысының сапасын арттыру.
             3. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске
                              асыру тетiктерi
     Аталған мақсатқа жету және негiзгi мiндеттердi шешу:
     1) халықтың орналасу проблемалары бойынша тиiстi нормативтiк құқықтық 
база қалыптастыруды;
     2) демографиялық дамуды ынталандыру мен қолдаудың қаржы-экономикалық 
тетiктерiн жетiлдiрудi;
     3) демография саласындағы бiлiм және тәрбие жүйесiн тиiмдi дамытуды 
талап етедi.


      Бағдарламаны іске асыру үшiн Іс-шаралар жоспары әзiрлендi, ол көзделген іс-шараларды кезең-кезеңiмен орындауды көздейдi, бұл мемлекеттiк органдардың Бағдарламаны орындау жөнiндегi қызметiн үйлестiруге және бақылауға мүмкiндiк бередi.
      Бағдарламаны iске асыру процесiн жедел басқаруды Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi қамтамасыз етедi.
      Бағдарлама мақсатына жетудiң негiзгi бағыттары мен басымдықтары мыналар болып табылады:
      Өсiп-өну денсаулығын сақтау - өсiмтал жастағы, әсiресе жүктi, босанатын және босанған әйелдердiң, сәбилердiң денсаулық жағдайын жақсартуға, әйелдердiң босанғаннан кейiн ауырып, мүгедек болып қалуын және өлiмiн азайтуға мүмкiндiк беретiн жағдайларды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, осы бағытпен халықтың өсiп-өну денсаулығын сақтау мен қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi көзделуде.
      Отбасы институтын нығайту - орнықты әрi салауатты отбасын қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру.
      Өлiмдi азайту - ел халқының, әсiресе балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға жәрдемдесетiн жағдайларды қамтамасыз ету.
      Халықтың әлеуметтiк-экономикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасау - "адам факторын" үдемелi дамытуды, материалдық әл-ауқатты арттыруды, әлеуметтiк және экономикалық қатынастарға толымды қатысуды қамтамасыз ету мақсатында кәсiптiк бiлiм алуға қол жеткiзудi арттыру және халықты әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн арттыру.
      Көшi-қон процестерiн реттеу - көшiп келушiлерге, әсiресе оралмандар мен қайтып оралған реэмигранттарға қалыпты тұрмыс жағдайын жасау жолымен көшiп келудi жандандыру есебiнен көшi-қонның терiс сальдосын төмендету. Бұл бағыт медициналық-экологиялық және медициналық-әлеуметтiк аспектiлер тұрғысынан iшкi көшi-қонды реттеу мәселесiн де қамтиды.

                     3.1. Өсiп-өну денсаулығын сақтау

      1. Аудандық медициналық мекемелер базасында еркектер үшiн, белсiздiктi қоса алғанда, жыныстық және өсiп-өну денсаулығы проблемаларына орай алдын алу мен жәрдем көрсету жөнiндегі медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру.
      2. Ұрықтандыру және белсiздiк пен бедеулiктен емдеудiң осы қызметтi жүзеге асыратын медициналық мекемелер қызметiнiң бағасы мен орналасқан жерi қол жеткiзуге болатындай етiп медициналық технологияларды енгiзудi жандандыру.
      3. Экологияның ластануы мен өсiп-өну денсаулығы арасындағы себептi-салдарлы байланысты зерделей отырып, халықтың өсiп-өну денсаулығына тәуекел факторларының әсер ету деңгейi бойынша басымдықтарды анықтау және саралау мониторингiн енгiзу.
      4. Негiзгi тағам өнiмдерiнiң құрамындағы темiрдi ұлғайту жөнiндегi бағдарламаны зерделеу және әзiрлеу.
      5. Ықтимал қаупi бар химиялық және биологиялық заттардың аймақтық тiркелiмiн жүргiзу және оларды халықтың өсiп-өну денсаулығына әсер ететiн қоршаған ортаны басым ластаушыларды анықтау үшiн пайдалану.

                        3.2. Отбасы институтын нығайту

      Қоғамның негiзi ретiнде отбасының абыройын көтеру, неке-отбасы қатынастарын нығайту, неке және отбасы құндылықтарын насихаттау, денi сау балалардың тууы, олардың тағдыры үшiн жауапкершiлiк елiмiздiң демографиялық дамуының алғышарттарының бiрi болып табылады.
      Осы мақсатта қол жеткендi дамыта отырып, мынадай шараларды жүзеге асыру көзделедi:
      1) бiлiм беру ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында дәстүрлi отбасын насихаттауды жандандыру;
      2) неке-отбасы қатынастарын нығайту және отбасы мәртебесiн көтеру жөнiндегi заңдарды жетiлдiру;
      3) үлгiлi отбасылық, этно-мәдени дәстүрлер мен нормаларды қайта жаңғырту, отбасын тұрақтандыру және дамыту, оның адамгершiлiк негiздерiн нығайту;
      4) отбасының экономикалық, ұдайы көбею және мәдени-психологиялық функцияларын iске асыру үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, отбасы тұрмысының сапасын арттыру;
      5) неке-отбасы қатынастарында және балаларды тәрбиелеуде әйел мен еркектiң құқықтары әрi мiндеттерiнiң іс жүзiндегi теңдiгiн қамтамасыз ету;
      6) отбасы мен балаларды әлеуметтiк қамсыздандырудың мамандандырылған институттарын дамыту;
      7) отбасыларына дағдарысты ахуалдан шығу жөнiндегi психологиялық-педагогикалық көмек және жаңа жағдайларға әлеуметтiк- психологиялық бейiмделу орталықтарын кеңейту.

                            3.3. Өлiмдi азайту

      Осы бағыт қоғамдық денсаулық сақтаудың қалыптасуы мен дамуын, ауруға, зиянды әдеттерге, травматизмге қарсы күресте профилактикалық шараларды күшейтудi, салауатты өмiр салтын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн мiндеттердi, бағдарламаларды iске асырумен тығыз байланысты.
      Осы бағытты іске асыру үшiн мынадай қосымша шаралар қабылданады:
      1) еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда әйелдер еңбегiн пайдалануға тыйым салуды заң жүзiнде бекiту;
      2) оқу орындарында физика, химия, информатика, үй шаруашылығы кабинеттерi және шеберханалар үшiн қауiпсiздiк ережелерiн әзiрлеу;
      3) оқу-тәрбие процесi кезiнде балаларды, сондай-ақ жазатайым жағдайды туғызатын себептердi жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды күшейту;
      4) балалар бақшаларының тәрбиеленушiлерi мен оқу орындарында оқып жатқандарды бiлiм беру процесi кезеңiнде жазатайым оқиғадан сақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      5) балалар бақшаларының тәрбиеленушiлерi мен оқу орындарында оқып жатқандарды оқытудың әртүрлi әдiстерi кезiнде оларды қолайсыз факторлардың әсерiнен қорғау мақсатында денсаулығының жай-күйiн бақылаудың әдiстерiн әзiрлеу;
      6) жүктi (12 аптадан асқан) әйелдермен және 1,5 жасқа толмаған баласы бар әйелдермен жеке еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға тыйым салу;
      7) Қазақстан Республикасының ДСҰ мен Еуропалық комиссияның Көлiк, қоршаған орта мен денсаулық сақтау хартиясына және Трансшекаралық су арналары мен халықаралық өзендердi қорғау әрi пайдалану Z000094_ конвенциясының су және денсаулық проблемалары жөнiндегi хаттамасына қосылуы мақсатында жұмыс жүргізу;
      8) Ауаның үлкен қашықтықта трансшекаралық ластануы туралы Z000089_ конвенцияны iске асыру;
      9) балаларды жәбiрлеу және бала еңбегiн пайдалану мәселелерi жөнiнде бақылау және жедел ден қою жүйесiн енгiзу;
      10) барлық жерде қоршаған орта гигиенасы жөнiнде аймақтық бағдарлама әзiрлеу;
      11) экологиялық қолайсыз аймақтардан халық денсаулығына қатер төндiрмейтiн аймақтарға халықтың көшi-қонын ұластыруды ұйымдастыру үшiн алғышарттар қалыптастыру жөнiнде жұмыс жүргiзу.

                3.4. Әлеуметтiк-экономикалық қажеттердi
                      қанағаттандыру үшiн жағдай жасау

      Еңбек әлеуетiн ұдайы молайтуды уақтылы қамтамасыз ету үшiн экономиканың болашақ қажеттерiн ескере отырып, қызметкерлердi озық даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн көтерудi жүзеге асыру, жұмыссыздарды кәсiптiк бағдарлау және психологиялық қолдау жөнiндегi жұмысты күшейту қажет. Бұдан басқа, жұмыссыздық пен кедейлiктiң халық үшiн өзектi проблемаларын шешуге, еңбекке қабiлеттi халық үшiн лайықты ақы төленетiн еңбек пен тұтынудың жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн жағдай жасауға бағытталған шаралар көзделуге тиiс.
      Сондай-ақ осы бағыт шеңберiнде мынадай шаралар қолданылатын болады:
      1) студенттер контингентiн қалыптастыруды ұйымдастыру кезiнде

тәмәмдаушы сыныптар оқушылары арасынан алдын ала тестiлеудi жүргiзу 
есебiнен жоғары бiлiмге қол жеткiзiлуiн кеңейту;
     2) көп балалы отбасылар үшiн шағын несие берудi енгiзудi жандандыру;
     3) елiмiздiң бүкiл халқы үшiн базалық әлеуметтiк игiлiктерге қол 
жеткiзудiң теңдiгiн қамтамасыз ететiн әлеуметтiк нормативтер жүйесiн 
әзiрлеу мен енгізу. Осы нормативтер негiзiнде болашақта әлеуметтiк- 
демографиялық даму саясаты iске асырылуға тиiс;
     4) жоғары оқу орындарында демограф мамандар даярлауды енгізу.
                     3.5. Көшi-қон процестерiн реттеу
     Осы бағытты iске асыру мынадай шараларды жүзеге асыруды көздейдi:
     1) көшiп келу квотасын жыл сайын ұлғайту;
     2) оралмандарды қабылдау мен жайластыруға, оларды әлеуметтiк салаға 
жылдам кiрiктiруге қолайлы жағдай жасау;
     3) шет елдердегi қазақ диаспорасымен сындарлы өзара қатынастарды 
қолдау және дамыту;
     4) тоқыраған аудандарда тұратын адамдардың неғұрлым қолайлы 
аймақтарға ерiктi көшi-қонына жағдай жасау;
     5) қайта қайтып келгендердiң әлеуметтiк мәселелерiн шешуге қолдау 
жасауды қамтамасыз ету;
     6) халықтың көшiп кету (эмиграция) көңiл-күйiн зерделеу.
                     3.6. Бағдарламаны iске асыру тетiгi


      Бағдарламаны iске асыру әлеуметтiк-демографиялық саясат мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi көздейдi. Елiмiздiң демографиялық жағдайын түбегейлi жақсартуға бағытталған заңнамалық кесiмдер қабылданатын болады. Осы Бағдарлама негізiнде Қазақстан Республикасының кейiнгi кезеңдерге арналған демографиялық саясатының бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау көзделiп отыр.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң алғашқы медициналық-санитариялық көмектi дамыту, жастардың тұрғын үй саясаты, тiршiлiк ету қауiпсiздігін және салауатты өмiр салтын қалыптастыру жағдайын, таза тағам мен ауызсуды қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдерi қабылдануға тиiс.
      Ауыл халқының өсiп-өну және жыныстық денсаулығы мәселелерi бойынша медициналық көмек көрсету үлесiн ұлғайту жағына қарай медициналық көмектi қайта құрылымдауға саятын ұйымдастыру сипатындағы шаралар, сондай-ақ халықтың орналасуы мәселелерiнiң ақпараттық-бiлiм беру аспектiлерiн жандандыру жөнiндегi шаралар қолданылатын болады.
      Бағдарламалық ережелердi өмiрге енгiзу осы Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаның орындалуын үйлестiру және бақылау мақсатында оның мониторингi жүргiзiлетiн болады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында демографиялық саясатты жүргiзудiң нәтижелiлiгi индикаторларының жүйесiн енгiзу көзделуде, олар тиiстi бағыттар бойынша халықтың тiршiлiк қызметi көрсеткiштерiн қамтитын болады. Неғұрлым маңызды индикаторлардың қатарына, ең алдымен медициналық-демографиялық көрсеткiштер және көшiп кету (эмиграция) көңiл-күйiне баға беру, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк нормативтер кiретiн болады. Бағдарлама мониторингiнiң және демографиялық индикаторлар талдауының нәтижесi жекелеген бағыттарға түзету енгiзу және кейiнгi Бағдарламаларды әзiрлеу үшiн негiз болады.

            4. Қажеттi қаржыландыру ресурстары мен көздерi

      2001-2005 жылдарда Бағдарламаны iске асыру мынадай көздерден жүзеге асырылатын болады:
      1) республикалық бюджеттен;
      2) жергiлiктi бюджеттерден;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерiнен.
      2001 жылы Бағдарламаны iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген қаражаттар шегiнде жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджетте бiлiмдi, денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды, әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк көмек саласындағы қызметтi, мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтi, көшi-қон саласындағы қызметтi, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруға арналып көзделген қаражаттар шегiнде жүзеге асырылатын болады.
      Халықаралық ұйымдардың техникалық және гранттық көмектерін, YЕҰ-дың, қоғамдық қорлардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен тыйым салынбаған өзге де көздердiң демеушiлiк қолдауын тарту көзделiп отыр.

             5. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже

      Бағдарламаны толық iске асыру және онда көзделген барлық шараны қабылдау нәтижесiнде орташа және ұзақ мерзiмдi болашақта Қазақстанның тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында халықтың сандық та, сапалық та өсуiн одан әрi ұлғайтудың негiзi қамтамасыз етiлетiн болады. 2005 жылы Қазақстан Республикасы халқының жалпы саны 15 миллионға жуық адам болады деп болжануда.
      2001-2005 жылдар iшiнде демографиялық даму үшiн алғышарттар жасау 2010 жылға қарай халық санының өсуiн 16,0 миллион адамға дейiн және 2030 жылға қарай ТОК (2,5 есе) ұлғаюы, күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы, көшi-қонның терiс сальдосын төмендету есебiнен 20,0 миллион адамға дейiн жеткiзудi қамтамасыз етуге тиiс.
      Жағдай қолайлы болған, атап айтқанда, халықтың материалдық әл-ауқаты мен әлеуметтiк даму деңгейiн арттыру мақсатына сай экономикалық өсу қарқыны болған ретте, 2030 жылы халық саны 22 миллион адамға дейiн өсуi мүмкiн.

     Бағдарламаның жанама нәтижелеріне мыналарды жатқызған жөн:
     1) әсiресе, жасөспiрiмдер арасында аборттың және жыныстық қатынас 
арқылы жұғатын аурулардың деңгейiн төмендету;
     2) белгілі бір дәрежеде ішкі көші-қондағы теңгерімсіздікті жою және 
халықтың тұрмыс жағдайлары мен өндіргіш күштерді дамытуға мемлекеттік 
қажеттілікті ескере отырып, халықты ұтымды орналастыру үшін негіз жасау, 
ол халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.
           6. Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының
     2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
                            Іс-шаралар жоспары
___________________________________________________________________________
      Iс-шара               Аяқталу нысаны       Орындалуына   Орындалу
                                                 жауаптылар     мерзімі
___________________________________________________________________________
         1                       2                    3           4
___________________________________________________________________________
    1. Демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі ұйымдастыру-құқықтық    
                                 іс-шаралар
___________________________________________________________________________
1.1. 
<*>
 Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2002.04.17. N 444 қаулысымен.  

P020444_

 
     
1.2. АҚТҚ дертiнiң анадан     Нормативтік       ДСМ            2002 ж.   
балаға тiкелей өтуінің        құқықтық                         маусым
алдын алу бағдарламасын       кесімнің жобасы
әзiрлеу және енгiзу
     
1.3. "Міндетті әлеуметтік     Қазақстан         ЕХҚМ           2001 ж.  
сақтандыру туралы" Қазақстан  Республикасы                      қазан
Республикасы Заңының жобасын  Заңының
әзірлеу және Қазақстан        жобасы 
Республикасы Үкіметінің
қарауына енгізу     
1.4. Қоршаған ортаның гигие.  Қазақстан         ДСМ, ТОҚМ,     2002 ж.
насы жөнінде аймақтық         Республикасының   облыстардың,   желтоқсан
бағдарлама әзірлеу            Үкіметіне         Астана және
                              ақпарат           Алматы қалала.
                                                рының әкімдері
1.5. Экологиялық білім        Нормативтік құ.   БҒМ, ТОҚМ      2001 ж.
тұжырымдамасын әзірлеу        қықтық кесімнің                  қазан
                              жобасы
     
1.6 
<*>
 Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2002.04.17. N 444 қаулысымен.  

P020444_

 
     
1.7. Қазақстан Республикасы   Қазақстан         КДА, СА, ДСМ,  2005 ж.
демографиялық дамуының 2001   Республикасының   БҒМ, МАКМ,     ақпан
-2005 жылдарға арналған       Үкіметіне         СЖА (келісім 
бағдарламасының iске асыры.   ақпарат           бойынша)
луына талдау жүргiзу
__________________________________________________________________________
                  2. Өсiп-өну денсаулығын сақтау
__________________________________________________________________________
2.1. Отбасын жоспарлау,       Қазақстан         ДСМ            2002 ж.
аборттан кейiнгi консультация Республикасының                  желтоқсан
жөніндегi қызмет көрсетулерге Үкіметіне
қол жеткiзудi кеңейту         ақпарат 
2.2. Патологиясы бар жүктi      -//-            ДСМ            2002 ж.
әйелдерге акушерлiк-қамқор.                                    желтоқсан
лыққа қол жеткiзудi және 
оның бiлiктiлiгiн арттыру. 
Әйелдерге медициналық жәрдем 
көрсетудiң барлық деңгейінде 
(ФАП, СА, СДА, ОАА, ҚА, ОА, 
ПНО) босанғаннан кейiнгi
асқынудан сауықтыру.
2.3. Бедеулiктi емдеудiң      Нормативтiк       ДСМ            2003 ж.
жаңа медициналық              құқықтық                         маусым
технологиясын енгізу          кесімнің 
                              жобасы
2.4. Еркектер үшiн, белсiз.    -//-             ДСМ            2003 ж. 
дiктi қоса алғанда, жыныстық                                    қазан
және өсіп-өну денсаулығы 
проблемаларына орай алдын 
алу мен жәрдем көрсету
жөніндегi медициналық көмек
қызметiн құру
2.5. Жасөспiрiмдер мен         -//-             ДСМ            2003 ж.
жастарды өсіп-өну функцияла.                                   наурыз
рының (айналыс бойынша) 
бұзылуын анықтау мәнiне 
тексерудi жүзеге асыру
__________________________________________________________________________
                           3. Өлiмдi азайту
__________________________________________________________________________
3.1. Алғашқы медициналық-     Қазақстан         ДСМ, облыстар.  жыл сайын
санитариялық жәрдем ұйым.     Республикасының   дың, Астана     желтоқсан
дарында телефон және көлiк    Үкiметiне         және Алматы
байланысын жақсарту           ақпарат           қалаларының
                                                әкімдері
3.2. Балалар мен жасөспi.     Нормативтік құ.   ДСМ            2003 ж.
рiмдердi жыныстық қатынас     қықтық кесімнің                  қазан
арқылы жұғатын аурулар        жобасы
(ЖҚЖА) мен АҚТҚ/ЖҚТБ дерті.
нің бар-жоғына тексерудi
жүзеге асыру
3.3. Жазатайым оқиғадан,      Қазақстан         ЕХҚМ           жыл сайын
өндiрiсте жарақат алудан      Республикасының                  желтоқсан
халықтың өлiмiн азайтуға      Үкіметіне
қол жеткiзу, меншік нысанына  ақпарат 
қарамастан барлық өндiрiстiк
кәсіпорындарда қауіпсіздік
техникасы қызметтерінің жұмыс
істеуiн қамтамасыз ету
3.4. Бұқаралық ақпарат құрал.  -//-             МАКМ, ДСМ      жыл сайын  
дарында халықтың салауатты                                     желтоқсан
өмір салтын насихаттаудың
пәрмендiлігін арттыру жолымен
нашақорлықтың және маскүнем.
дiктiң таралуына қарсы 
күрестi насихаттауды күшейту
__________________________________________________________________________
                       4. Отбасы институтын нығайту
__________________________________________________________________________
4.1. Yлгiлi отбасы, этно-     Қазақстан         КДА, облыстар.  жыл сайын
мәдени дәстүрлер мен норма.   Республикасының   дың, Астана     желтоқсан
ларды қайта жаңғырту,         Үкіметіне         және Алматы 
отбасының адамгершілiк негiз. ақпарат           қалаларының
дерiн күшейту жөнiнде жұмыс                     әкімдері
жүргiзу
4.2. Отбасы институтын,        -//-             МАКМ, ОӘІҰК    жыл сайын 
гендерлiк теңдiк қағидаттарын                   (келісім       желтоқсан  
насихаттау, ата-аналардың                       бойынша),        
балаларды тәрбиелеудегi                         КДА, ДСМ, ӘдМ
рөлiн көтеру
__________________________________________________________________________
                               5. Көші-қон
__________________________________________________________________________
5.1. Репатрианттар (оралман.  Қазақстан         КДА            жыл сайын  
дар) отбасының өзінің тарихи  Республикасы                     маусым
отанына қоныс аударуын және   Президентінің
орналасуын ұйымдастыру.       "Көшіп келу
Көшiп келу квотасын жыл       квотасы туралы"
сайын ұлғайтуды көздеу         

P010651_

  
                              Жарлығының
                              жобасы
5.2. Қазақстан Республика.    Қазақстан         КДА, СА        2003 жылдан 
сында көшiп кету көңiл-күйi   Республикасының                  бастап жыл
мониторингiн жүргiзу          Үкіметіне                        сайын ақпан
                              ақпарат
__________________________________________________________________________
     6. Әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшін
                              жағдай жасау
__________________________________________________________________________
6.1. Жұмыссыз әйелдердi жаңа  Қазақстан         ЕҚМ, ОӘІҰК     жыл сайын
мамандықтарға оқыту және      Республикасының   (келiсiм       желтоқсан
қайта оқыту жолымен олардың   Үкіметіне         бойынша)
бiлiктiлігін үнемi арттыру    ақпарат
6.2. Жәбiрлеуден зардап       Нормативтiк       Облыстардың,   2002 ж. 
шеккен әйелдер үшiн           құқықтық          Астана, Алматы желтоқсан
баспаналар құру               кесімнің жобасы   қалаларының     
                                                әкімдері
6.3. Аймақтарда әйелдердiң    Қазақстан         ОӘІҰК (келiсiм 2002 ж. 
әлеуметтiк серiктестiгi       Республикасының   бойынша),      желтоқсан 
орталықтарын құру             Үкіметіне ақпарат облыстардың,
                                                Астана және
                                                Алматы қала.
                                                ларының әкім.
                                                дері, ҮЕҰ
6.4. Мүмкiндiгi шектеулi      Нормативтік       БҒМ            2001 ж. 
мектеп жасына дейiнгi бала.   құқықтық                         желтоқсан 
ларды тәрбиелеу мен оқытудың  кесімнің
арнаулы бiлiм беру бағдарла.  жобасы
маларын әзiрлеу және енгiзу
6.5. Қазiргi заманғы шағын     -//-             БҒМ            2001 ж.
жасақталатын мектептер                                         желтоқсан
үлгiсiн әзiрлеу
6.6. Қазақстан Республика.     -//-             БҒМ            2002 ж.
сында қашықтықтан оқыту                                        маусым 
<*>

туралы тәртіптi әзiрлеу 
<*>

6.7. Мектепке дейiнгi тәрбие   -//-             БҒМ            Тұрақты
мен оқыту жүйесiнiң одан 
әрi дамуын қамтамасыз ету
6.8. Мектеп жасына дейiнгi     -//-             БҒМ            2001 ж.
балаларды дамыту үшін бас.                                     қараша
тауыш буында "степ бай степ"
бағдарламасын әзiрлеу және 
енгiзу
6.9. Мектепке дейiнгi тәрбие   -//-             БҒМ            2001 ж.     
мен оқытудың мемлекеттiк                                       қыркүйек
стандартының жобасын әзiр.
леуге конкурс өткiзу
6.10. Жалпы бiлiм беретiн     Қазақстан         БҒМ, облыс.    Тоқсан сайын
мектептер оқушыларының ыстық  Республикасының   тардың, Астана
тамақпен және қоғамдық тамақ. Үкіметіне         және Алматы 
тандырумен қамтамасыз         ақпарат           қалаларының
етiлуiне талдау жүргiзу                         әкімдері
6.11. Еліміздің жоғары оқу    Нормативтік       БҒМ            2003 ж.
орындарында демограф мамандар құқықтық                         қыркүйек
даярлауды жүзеге асыру        кесімнің жобасы
6.12. Дене тәрбиесі және      Қазақстан         ТурСА          жыл сайын
спорт ұйымдарының материал.   Республикасының                  желтоқсан
дық-техникалық базасын        Үкіметіне
нығайту, балалар мен жас.     ақпарат
өспірімдерді спорт секция.
ларында шынығуға тартуды
қамтамасыз ету     
___________________________________________________________________________
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.