Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қазан N 1369

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654  Жарлығының  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің               
2001 жылғы 28 қазандағы        
N 1369 қаулысымен          
Бекітілген               

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
          енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 

       1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 
      реттiк нөмiрi 20-жол алынып тасталсын; 
      реттiк нөмiрi 21-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларының және бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi; 
      бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару және әкелу;". 
      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 619  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 22, 194-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы ережеде: 
      8-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3. <*>
       Ескерту. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнге дейiн шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтiнен бастап 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941  қаулысымен .
      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.11. N 641   қаулысымен .
      5. <*>
      6. <*>
       Ескерту. 5,6-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124  қаулысымен .
      7. <*>
       Ескерту. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнге дейiн шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтiнен бастап 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941  қаулысымен .
      8. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы туралы және Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегі кеңейтiлген шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817  қаулысына
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 
      "I-Кезең - дайындық (1998 ж. - 2000 ж.)" деген бөлiмнiң реттiк нөмiрi 5-жолында: 
      4 "Iс-қимыл" деген бағанда сегiзiншi абзацтағы "және Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиямен" деген сөздер алынып тасталсын; 
      5 "Қатысушылар" деген бағанда: 
      алтыншы абзацтағы "Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия" деген сөздер "Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      сегiзiншi абзацтағы "Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия" деген сөздер алынып тасталсын. 
      9. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1859  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 57, 520-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесiнде: 
      4-тармақтағы "бағалы қағаздар жөнiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздер "Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      10. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат): 
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестіктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде: 
      7-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      көрсетiлген Ережеге 2-қосымшада: 
      "Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия" деген сөздер "Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      11. "Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., 
N 40, 367-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiнде: 
      9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      15-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      23-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер алынып тасталсын. 
      12. <*>
       Ескерту. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнге дейiн шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтiнен бастап 12-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941  қаулысымен .
      13. "Айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 363  қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесiнде: 
      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      14. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 сәуiрдегі N 398  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 121-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, олардың айналысының және өтеудiң ережесiнде: 
      5 және 22-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" және "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      14-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 
      "Бұл ретте, қазынашылық мiндеттемелердің аукциондарына екiншi деңгейдегі банктердiң және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының арасынан iрiктелген жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ұсынымы бойынша Эмитент айқындайтын тек бастапқы дилерлер ғана тiкелей қатысады.". 
      15. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 15-тармағы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.04.24.
N 470  қаулысымен .   
      16. "Қазақстан-американ бiрлескен комиссиясының 6-мәжiлiсi Қорытынды баяндамасының ережелерiн және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына 1999 жылғы 17-22 желтоқсандағы сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 наурыздағы N 413  қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан-Американ бiрлескен комиссиясының 6-мәжілісi қорытынды баяндамасының ережелерiн және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында (1999 жылғы 17-22 желтоқсан) қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: 
      реттiк нөмiрi 46-жолдың "Орындалуына жауаптылар" деген бағанындағы "Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссия (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын. 
      17. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi бiр жыл және одан артық мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегі N 597   қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi бiр жыл және одан артық мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiнде: 
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" және "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      16-тармақтың екiншi абзацындағы бiрiншi және екiншi сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Екiншi дәрежелi банктер мен бағалы қағаздар рыногының өзге кәсiби қатысушылары арасынан iрiктеген жағдайда бастапқы дилерлердi Қаржы агентiнiң ұсынымы бойынша Эмитент белгiлейдi.". 
      18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экономикалық ақпарат орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 729  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 256-құжат): 
      1) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер алынып тасталсын; 
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экономикалық ақпарат орталығы туралы ережеде: 
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясынан" деген сөздер алынып тасталсын; 
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экономикалық ақпарат орталығына мiндеттi түрде ұсынылатын материалдардың тiзбесiнде: 
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша)" деген бөлiмде: 
      "елдегi банк жүйесiн дамыту" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "капитал рыногын дамытудың проблемалары мен перспективалары; 
      экономиканы қаржыландыруда қаржы құралдары тиiмділігінің проблемалары; 
      аймақтарда қаржы құралдарын пайдалануды тарату."; 
      "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы" деген бөлiм алынып тасталсын. 
      19. <*>
       Ескерту. 19-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.05. N 110  қаулысымен .
      20. "Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 тамыздағы N 1277  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 434-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: 
      реттiк нөмiрi 6 және 7-жолдарда 3 "Орындауға жауаптылар" деген бағандағы "БҚҰК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      реттiк нөмiрi 6-жолда 4 "Аяқтау нысаны" деген бағандағы "БҚҰК-ның нормативтiк құқықтық кесiмдерi" деген сөздер алынып тасталсын. 
      21. "Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1774  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 579-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмді қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасында: 
      8 "Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген бөлiмде: 
      реттiк нөмiрлерi 2, 3, 7-жолдарда 4 "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "БҚҰК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын. 
      22. <*>
       Ескерту. 22-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің   2006.06.16. N  557  қаулысымен.  
      23. "Өкiлдерi Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясының құрамына енетiн мемлекеттiк органдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 517  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 182-құжат): 
      көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
      "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (келісiм бойынша)" деген жол алынып тасталсын. 
      24. "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгі кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 534  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 186-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: 
      реттiк нөмiрi 9.5.1-жолда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "БҚҰК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын. 
      25. <*>
       Ескерту. 25-тармақтың күші жойылды   - ҚР Үкіметінің 2005.02.02. N 91  қаулысымен .
      26. "Шығыс Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi облигацияларын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 мамырдағы N 685  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 235-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шығыс Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi облигацияларын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiнде: 
      7-тармақта "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      27. "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 маусымдағы N 773  қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Астық туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: 
      реттiк нөмiрлерi 5 және 6-жолдарда: 
      3 "Аяқтау нысаны" деген бағандағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4 "Орындауға жауапты мемлекеттiк орган" деген бағандағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      28. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шілдедегi N 654  Жарлығын  iске асыру жөнiндегі кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 тамыздағы N 1040  қаулысына
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "2-1. А.М.Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының тарату комиссияларының және шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының төрағасы болып тағайындалсын. 
      Тарату комиссиялары төрағасының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен "Қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1942  қаулысына  сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасына бұрын белгіленген орташа жалақы мөлшерінде жүзеге асырылсын.".

Қазақстан Республикасы        
Үкiметінiң             
2001 жылғы 28 қазандағы       
N 1369 қаулысына           
қосымша                 

                  Қазақстан Республикасы Yкiметінің
               күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің
                           тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының ұйымдастырушылық мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 27 қаңтардағы N 98  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 4, 52-құжат). 
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Министрлер Кабинетiнің 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 948 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
     3. "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 1552  қаулысының  1 және 2-тармақтары.