Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының мәселелерi <*>

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 27 қаңтар 1995 ж. N 98. Қаулының атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.01. N 1058 қаулысымен. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 қаулысымен. ~P011369

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Бiр кәсiпорындағы технологиялық процестiң аяқталмауына және түскен пайданың орындалған жұмыс көлемiне сәйкес келмеуiне байланысты "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясына 1995 жылы компанияға кiретiн телекоммуникациялар кәсiпорындарының негiзгi қызметiнен түсетiн пайданы олардың өндiрiстiк процеске үлестiк қатысуына қарай қайта бөлуге рұқсат берiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi