Сауда мақсатында теңiзде жүзуді дамытудың кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қыркүйек N 1263

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 ақпандағы N 267  қаулысымен  мақұлданған Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамыту тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық сауда флотын құру және Ақтау теңiз портының мұнай құятын айлақтарын қайта жаңарту мақсатында, сондай-ақ Ақтау теңiз порты арқылы жүк тасқынын көбейту үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.16. N  408  қаулысымен.
      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiнде:
      3-тармақта "Республикалық" деген сөз "Қазақстан Республика
сы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру жағдайларын қоспағанда, республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары