Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1102 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ақтау халықаралық теңiз сауда портын солтүстiк бағытта кеңейту жобасын тиiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Қазақтеңiзкөлiкфлоты" ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы" акционерлiк қоғамында (бұдан әрi - "ҚТКФ" АҚ) мүлiктiк жалдаудағы N 4, 5 және 9 мұнай құю айлақтарын осы учаскеде орналасқан жабдықтармен, коммуникациялармен, құрылғылармен және инфрақұрылымның ажырамас объектiлерiмен бiрге "ҚТКФ" АҚ-ның N 4 және 5 айлақтарды қайта жаңарту жөнiндегi шығындарын өтеусiз "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына қайтаруды қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. "Сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 1263 қаулысының 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi