Сауда мақсатында теңiзде жүзуді дамытудың кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қыркүйек N 1263

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 ақпандағы N 267 P010267_ қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамыту тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық сауда флотын құру және Ақтау теңiз портының мұнай құятын айлақтарын қайта жаңарту мақсатында, сондай-ақ Ақтау теңiз порты арқылы жүк тасқынын көбейту үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазақтеңiзкөлiкфлот" ұлттық теңiз кеме компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының шаруашылық жүргiзуiндегi N 4, 5 және 9 мұнай құю айлақтарын осы учаскеде орналасқан жабдықтарымен, коммуникацияларымен, жайластырылымымен және инфрақұрылымының ажырамас объектiлерiмен (бұдан әрi - Мүлiк) бiрге мынадай шарттардың:
      Мүлiктi кепiлге беру және жалға алушының iс жүзiнде Мүлiктiң иелiктен алынуына, сондай-ақ оның жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соғатын кез келген шаралар мен шешiмдер қабылдауы құқығынсыз;
      "Қазақтеңiзкөлiкфлот" ұлттық теңiз кеме компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының N 4 және 5 мұнай құю айлақтарын 2003 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде өз есебінен қайта жаңартуды жүргiзуiн;
      белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес техникалық пайдалану және өрт қауiпсiздiгi, сондай-ақ табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау ережелерiн орындауды қамтамасыз етуiн;
      көрсетілген мұнай айлақтарында тапсыру сәтінде бар әлеуметтік инфрақұрылымның сақталуымен мүліктік жалға беруді қамтамасыз етсін;
      2) Мүлiктiң мүлiктiк жалға берiлетiн мерзiмiн айқындасын және осы қаулының орындалуы үшiн қажеттi өзге де шараларды қабылдасын.
      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 P010336_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi

немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын 
мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiнде:
     3-тармақта "Республикалық" деген сөз "Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын республикалық 
мемлекеттiк кәсiпорындардың стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк 
жалға беру жағдайларын қоспағанда, республикалық" деген сөздермен 
ауыстырылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.