Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауіпсіздіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қыркүйек N 1240

Жаңартылған

      Республиканың мұнай-газ секторындағы қауіпсіздік пен нақты және ықтимал қатерден және қол сұғушылықтардан қорғау жүйелерін дамытуға жағдай жасаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Семсер" жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі - "Семсер" ЖАҚ) мұнай-газ кешенінің қызметкерлерін, объектілерін, қызметі мұнай-газ саласымен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғаларды күзетуді қамтамасыз ету жөнінде арнайы құрылымдық бөлімше құру назарға алынсын.
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.07.16 N 700 қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Семсер" ЖАҚ-та қызметтік қару сатып алуға және күзет дабылдатқышын құрастыру, оңдау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берсін.
      4. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
      3-тармақтың бірінші абзацы "4-1 (құпия)" деген сөздерден кейін "4-2 (құпия)" деген сөздермен толықтырылсын;
      қосымшаға сәйкес 4-2 (құпия)-қосымшамен толықтырылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары