Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі N 700 қаулысы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр қаулыларына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауiпсiздiктiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi N 1240 қаулысына:

      2-тармақ алынып тасталсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 16 шілдедегі
N 700 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
10-1-қосымша

Жеке күзетшiлердi, жеке күзет ұйымында,
жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың
күзет бөлiмшесiнде, мемлекеттiк органдардың
ведомстволық күзет бөлiмшесiнде күзетшi лауазымындағы
қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды жүзеге
асыру жөнiндегі мамандандырылған оқу орталықтары
(арнайы оқыту курсы) үшiн белгiленген қару
мен оның патрондарының түрлерi, үлгілерi,
модельдерi, саны

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.