"Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 тамыз N 1025

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Халықаралық көрмелер дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 
      2) Кәсіпорынның ағымдағы қызметімен байланысты шығыстар шегеріліп, Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруға бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсін. 

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде реттік нөмірі 106а-1-жол алынып тасталсын; 
      2) <*>
      3) "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде реттік нөмірі 34-жол алынып тасталсын.
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1105  қаулысымен.

      4. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 желтоқсандағы N 1988  қаулысының  күші жойылды деп танылсын. 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі