Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Халықаралық көрмелер дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Кәсіпорынның ағымдағы қызметімен байланысты шығыстар шегеріліп, Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруға бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде реттік нөмірі 106а-1-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде реттік нөмірі 19-жол алынып тасталсын;
3) "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде реттік нөмірі 34-жол алынып тасталсын.
4. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 желтоқсандағы N 1988
қаулысының
күші жойылды деп танылсын.