2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 маусым N 912

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің

кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы

6 мамырдағы N 534 


P990534_


  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,

1999 ж., N 17, 179-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     реттік нөмірлері 49, 102 және 178-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

     "49. Ескелді аудандық қазынашылық бөлімі;

     102. Бөкей ордасы аудандық қазынашылық бөлімі;

     178. Шал ақын аудандық қазынашылық бөлімі;

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 171-1-жолмен толықтырылсын:

     "171-1. Аққайың аудандық қазынашылық бөлімі".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.