Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамыр N 700

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттау және ішкі сату кезінде қажетті құжаттарды ресімдеудің тәртібін оңайлату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21 P970021_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 1, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1 және 2-тармақтарда:
      "министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы" деген

сөздер "министрлігінің "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     6-тармақтағы "Мал дәрігері комитетінің шекарада және көлікте 
мемлекеттік мал дәрігерлік қадағалау бас басқармасы" деген сөздер алынып 
тасталсын;
     мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі астық сапасы 
сертификатының нысанын, оны берудің және қолданудың тәртібін бекітсін.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     
 
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.