Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамыр N 700. Қаулының күші жойылды - 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттау және ішкі сату кезінде қажетті құжаттарды ресімдеудің тәртібін оңайлату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 1, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
      1 және 2-тармақтарда: 
      "министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы" деген сөздер "министрлігінің "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "Мал дәрігері комитетінің шекарада және көлікте  мемлекеттік мал дәрігерлік қадағалау бас басқармасы" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі астық сапасы сертификатының нысанын, оны берудің және қолданудың тәртібін бекітсін.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі