Астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн экспорттау және iшкi сату кезiнде қажеттi құжаттарды ресiмдеудiң тәртiбiн оңайлату туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      Қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасынан тауарларды экспортқа шығару тәртiбiн оңайлату және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 желтоқсандағы N 1492 қаулысының 4 тармағының 4-шi абзацы мен 8 тармақтың күшi жойылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

           Президентi