Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамыр N 695

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 11-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою";
      реттік нөмірі 38-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлерінен басқа";
      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі туралы Ережеде:
      11-тармақтың 21) тармақшасы "лицензиялауды" деген сөзден кейін ", соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) "Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдары, психотроптық

заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру 
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 
қарашадағы N 1693  

P001693_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
2000 ж., N 47-48, 556-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі 
құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік 
бақылауды жүзеге асыру Ережесінде:
     3-тармақта:
     жетінші абзац алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар 
министрлігі";
     9-тармақтың 2-тармақшасында "есірткі құралдары," деген сөздердің 
алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық 
заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, 
сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     13-тармақта:
     бірінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
     "13. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі";
     2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
     "13-1  Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі:


      өнеркәсіп саласында пайдалану үшін есірткі құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды тұтынудың нормаларын қорытады және белгілейді және оларды белгіленген тәртіппен Комитетке ұсынады;
      өз құзыретінің шегінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндірісінің, сондай-ақ құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлары бар шикізаттарды өңдеу саласына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.".
      20-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.";
      22-тармақтың 5) тармақшасында "есірткі құралдары" деген сөздердің алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа" деген сөздермен толықтырылсын.";
      47-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      55-тармақтың 1) тармақшасында "өндіруші кәсіпорын" деген сөздердің алдынан "дәріхана жағдайында дәрілік құралдар дайындауды қоспағанда" сөздермен толықтырылсын:
      63-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "медициналық ұйымдарға.";
      119-тармақтың бірінші абзацында "пайдалану-" деген сөзден кейін "соның ішінде, дәріхана жағдайында дәрілік құралдарды дайындаумен байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарындағы қосымшаларда:
      "Берілді" деген жолдағы "лицензиаттың" деген сөзден кейін "филиалының, өкілдігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      қосымшаларға сәйкес Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензия нысанымен және оған қосымшамен толықтырылсын;
      4) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 P010151_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 
комитеті туралы ережеде:
     11-тармақтың 2) тармақшасында "есірткі құралдары" деген сөздердің 
алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі: тасымалдау, сатып алу, сақтау, 
бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды қоспағанда" 
деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                                   11-қосымша
     
     Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
                            ҚР елтаңбасы
     
       Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
             айналымымен байланысты қызмет түрлеріне
                      Мемлекеттік лицензия
     
     _______________________________________________________ берілді
         лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы, Е-маil
     
     Лицензия кімге берілген, Т.А.Ә. _______________________________
     
     Қоса беріліп отырған Қосымшаға сәйкес _________________________
     
     ____________________________________________________ айналысуға
     ("Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар
     және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуын 
     іс-әрекет шаралары туралы" ҚР Заңына сәйкес түрінің атауы)
     
     Лицензияны қолданудың ерекше шарттары ________________________
     
     Лицензиар-орган ______________________________________________
                          (лицензиар органының толық атауы)
     
     Басшысы _______________________________________  _____________
            (лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.)    (қолы)
     
     Лицензия берілген күн 200__жылғы "___" _______________________
     
     Лицензияның нөмірі ___________________________________________
     
     Лицензияның қолданылу мерзімі ________________________________
     
     Мөр орны                             ___________ қаласы
     
     
     N 00000
     
       
     Түсі күңгірт-жасыл   
     
                                                  12-қосымша
     
      Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
             айналымымен байланысты қызмет түрлеріне
                      мемлекеттік лицензияға
                             қосымша
                       200__жылғы "___"_____N
                       (лицензиясыз жарамсыз)
     
     _________________________________________________________________
               лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы
     
     Мекен-жайында орналасқан ____________________________ объектісіне
                                 дәріхана ұйымының түрі
     
     _________________________________________________ берілді
     
     Олардың шегінде 200__ жылға арналған айналым жүзеге асырылатын,
     құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
     бар дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі мен саны
     
     _________________________________________________________________
                     Атауы                       Саны
     _________________________________________________________________
                       1                           2
     _________________________________________________________________
     1. 
     _________________________________________________________________
     2. 
     _________________________________________________________________
     3. және т.б.
     _________________________________________________________________
     
     Қосымшаны берген орган __________________________________________
                             (лицензиялайтын органның толық атауы)
     
     Басшысы  __________________________________________ _____________
               (лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.)  (қолы)
     
     Берілген уақыты 200___жылғы "__"_________
     
     ________________
     
     Қосымшаның нөмірі _______________________________________________
     
     Қолданылу мерзімі _______________________________________________
     
     

     Мөр орны                                 __________ қаласы
     
          
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Икебаева А.Ж.