Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі туралы Ережеде:
11-тармақтың 21) тармақшасы "лицензиялауды" деген сөзден кейін ", соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою" деген сөздермен толықтырылсын;
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2014 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
11-қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
ҚР елтаңбасы Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне
Мемлекеттік лицензия
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2014 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12-қосымша
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензияға қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2014 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).