Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі туралы Ережеде:
11-тармақтың 21) тармақшасы "лицензиялауды" деген сөзден кейін ", соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою" деген сөздермен толықтырылсын;
3) "Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 P001693_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 556-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережесінде:
3-тармақта:
жетінші абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі";
9-тармақтың 2-тармақшасында "есірткі құралдары," деген сөздердің алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта:
бірінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
"13. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі";
2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1 Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі:
өнеркәсіп саласында пайдалану үшін есірткі құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды тұтынудың нормаларын қорытады және белгілейді және оларды белгіленген тәртіппен Комитетке ұсынады;
өз құзыретінің шегінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндірісінің, сондай-ақ құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлары бар шикізаттарды өңдеу саласына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.".
20-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.";
22-тармақтың 5) тармақшасында "есірткі құралдары" деген сөздердің алдынан "денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа" деген сөздермен толықтырылсын.";
47-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
55-тармақтың 1) тармақшасында "өндіруші кәсіпорын" деген сөздердің алдынан "дәріхана жағдайында дәрілік құралдар дайындауды қоспағанда" сөздермен толықтырылсын:
63-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"медициналық ұйымдарға.";
119-тармақтың бірінші абзацында "пайдалану-" деген сөзден кейін "соның ішінде, дәріхана жағдайында дәрілік құралдарды дайындаумен байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарындағы қосымшаларда:
"Берілді" деген жолдағы "лицензиаттың" деген сөзден кейін "филиалының, өкілдігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
қосымшаларға сәйкес Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензия нысанымен және оған қосымшамен толықтырылсын;
4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
11-қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
ҚР елтаңбасы
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
айналымымен байланысты қызмет түрлеріне
Мемлекеттік лицензия
_______________________________________________________ берілді
лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы, Е-маil
Лицензия кімге берілген, Т.А.Ә. _______________________________
Қоса беріліп отырған Қосымшаға сәйкес _________________________
____________________________________________________ айналысуға
("Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар
және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуын
іс-әрекет шаралары туралы" ҚР Заңына сәйкес түрінің атауы)
Лицензияны қолданудың ерекше шарттары ________________________
Лицензиар-орган ______________________________________________
(лицензиар органының толық атауы)
Басшысы _______________________________________ _____________
(лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы)
Лицензия берілген күн 200__жылғы "___" _______________________
Лицензияның нөмірі ___________________________________________
Лицензияның қолданылу мерзімі ________________________________
Мөр орны ___________ қаласы
N 00000
Түсі күңгірт-жасыл
12-қосымша
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
айналымымен байланысты қызмет түрлеріне
мемлекеттік лицензияға
қосымша
200__жылғы "___"_____N
(лицензиясыз жарамсыз)
_________________________________________________________________
лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы
Мекен-жайында орналасқан ____________________________ объектісіне
дәріхана ұйымының түрі
_________________________________________________ берілді
Олардың шегінде 200__ жылға арналған айналым жүзеге асырылатын,
құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
бар дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі мен саны
_________________________________________________________________
Атауы Саны
_________________________________________________________________
1 2
_________________________________________________________________
1.
_________________________________________________________________
2.
_________________________________________________________________
3. және т.б.
_________________________________________________________________
Қосымшаны берген орган __________________________________________
(лицензиялайтын органның толық атауы)
Басшысы __________________________________________ _____________
(лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы)
Берілген уақыты 200___жылғы "__"_________
________________
Қосымшаның нөмірі _______________________________________________
Қолданылу мерзімі _______________________________________________
Мөр орны __________ қаласы
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.