1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі N 557 P950557_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қапланбек Оңтүстік Қазақстан облысы".
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен (келісім бойынша) бірлесе отырып, осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген
өткізу бекетінің ашылуы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы азаматтарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті өткізу тәртібі туралы ақпаратты мүдделі шетел мемлекеттерінің өкілдіктеріне белгіленген тәртіппен жеткізсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.