"Қапланбек" өткізу бекетін ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 мамыр N 669

Жаңартылған
      Өзбекстан Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды және мәдени байланыстарды одан әрі кеңейту, басқа мемлекеттерден жүк пен жолаушы ағынын ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 62
               қаулысымен. P020062_
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен (келісім бойынша) бірлесе отырып, осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген

өткізу бекетінің ашылуы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
шекарасы арқылы азаматтарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті 
өткізу тәртібі туралы ақпаратты мүдделі шетел мемлекеттерінің 
өкілдіктеріне белгіленген тәртіппен жеткізсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі



Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.