Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулерді енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір N 457

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының Z952368_ 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес квоталар белгілеу жолымен 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеу енгізілсін. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1515
               қаулысымен. P011515_
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулы күшіне енгенге дейін "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған квоталарды берудің тәртібі мен шарттары туралы" нұсқаулықты әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркесін.
      3. Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Кеден комитеті қосымшада белгіленген квота шеңберінде жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелінуіне бақылауды жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулер енгізетіндігі туралы хабардар етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және 
минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
     6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                           2001 жылғы 6 сәуірдегі
                                              N 457 қаулысына
                                                қосымша
     
            Қазақстан Республикасының аумағына
          әкелу кезінде квоталанатын тауарлардың
                         тізбесі
     
     Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1515             
              қаулысымен.  

P011515_

 
     Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.12. N 894          
              қаулысымен.  

P020894_

 
 ________________________________________________________________________
 СЭҚ ТН коды !      Тауардың атауы      ! 2002 жылға арналған квота 
                                                   көлемі
 ________________________________________________________________________
              жеңіл дистиляттар: 
 ________________________________________________________________________  
 2710 00 110  қайта өңдеудің ерекше       1000 тонна
              процестері үшін
 ________________________________________________________________________
 2710 00 150  2710 00 110 кіші субпо.    200 000 тонна 
<*>

              зицияда көрсетілгеннен      
              басқа, процестердегі
              химиялық түрлендірулер
              үшін
 ________________________________________________________________________
              арнайы бензиндер:    
 ________________________________________________________________________
 2710 00 250  басқалары                    4000 тонна 
<*>

 ________________________________________________________________________ 
 2710 00 390  басқа да жеңіл               50 тонна
              дистиляттар                  
 ________________________________________________________________________
              орта дистиляттар:
 ________________________________________________________________________
 2710 00 410  қайта өңдеудің               50 тонна
              ерекше процестері
              үшін
 ________________________________________________________________________
 2710 00 450  27100 00 410 кіші суб.       50 тонна
              позицияда көрсетілгеннен
              басқа, процестердегі
              химиялық түрлендірулер
              үшін
 ________________________________________________________________________
               
                
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.